"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушыларына, осы массагет сайтының оқырмандарына жалынды сəлем! Мен байқауға орай дайындаған жоспарларымды таныстырып өтсем.
Мақсаты:
1. Футбол ойнап үйрену.
2. Велосипед айдап біраз шақырымды артқа тастау.
3. Жаттығу жасау, көтеріліп тұру жаттығуы.
4. Ағылшын тілін үйрену.
5. Шахмат ойынын меңгеру.
Негізгі мен мақсатқа жетуге талпыныс жасауға тырысам. Əр мақсатқа мынандай талап қоям:
1. Өзімді берілмеуге, ешқашан мойымауға тәрбиелеу.
2. Мақсатыма ден қойып, сол мақсатқа жету.
3. Əрқашанда тек ілгері алға жүруге талпыну.
"Мақсатыңа массагетпен бірге жет" байқауы 2-ші рет ұйымдастырып жатқанына қуаныштымын. Мен өз мақсатымды сəтті орындасам деймін. Негізі жекелей жеңіске қарағанда, топтық жеңіс басымдырақ болатыны сөзсіз. Топтық жеңістің маңыздысы тікелей біздің жеткешімізге байланысты. Мені топқа қосу үшін өзі қоңырау шалып, осы байқауға қатыстырған Ернар Алмабек ағама рахметімді айтамын. Мен осы топқа кейдейсоқ келдім десем артық айтқандық емес шығар. Не дегенмен топтағы ең үлкені екенмін. Байқаудан тек командалық жарысты көрсем деймін. Өзімнің тобыма жеңіс! Ал қарсылас топтарға тек сəттілік тілеймін! "Сəйгүлік" тобы алға!