Мақсат алға қарай жетелейді (Байқау)

Мақсат алға қарай жетелейді (Байқау)
жеке
блог

Сəлем Массагет! Менің аты-жөнім Күзембаев Ержан Нұрланұлы. Атырау облысы Құлсары қаласы Жылой ауданынының тұрғынымын. 1998 жылдың Наурыз айының 11 күнінде дүниеге келдім. Мен үйдің тұңғышы əрі жалғыз баласымын. Анам екеуміз тұрамыз. Үйде жалғыз болғасын ба кейде ішің пысады екен. Мен Жылой Мұнай жəне Газ Технологиялық колледжінің 3 курс студентімін. Биыл мен оқуды бітірем. Осы оқуды сəтті аяқтасам анам мені мақтан тұтар еді.

Өмірлік ұстаным: Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ. 

Сүйікті немесе еліктейтін тұлғасы: Бейбіт Қорғанға еліктеймін. Өйткені оның кереметі əн айтатынында жəне де биі өте керемет. Осы əншіге еліктеп мен Шоқ қыздар əнін айтып, биін билейтінмін. Кейде мен де əнші болуды армандаймын. Бірақ менің мамандығым автослесарь болғандықтан сол мамандық жайында көп ізденемін.

Хобби: Негізгі хоббиім теледидар қарау, кітап оқу.

Бос уақытта айналысатын ісі: Массагет порталына кіріп Болжамдар бəйгесіне өз болжамымды жасап, сайттағы қызықты жаңалықтар мен блогтарды қарау. Гаджеттік ойындарды ойнағанды жақсы көрем. Жаңалықтарды да құр жібермеуге тырысам. Соның ішінде əлем жаңалықтарымен спорт жаңалықтары.

Байқауға қатысқан себебім: Жаңа достар тауып, мақсатыма жетіп, жеңімпаздар қатарынан көрінгім келеді. Алдағы белестерді бағындырып, өз мақсатыма жетсем деймін.

Массагет сайтынан не күтеді: Массагет сайтына қосылғаныма 2 жарым жыл болды. Осы сайтқа бұрын қызықты жаңалықтарды оқу үшін кіріп тұратынмын. Ал кəзір тек жаңалықтарды оқып қана қоймай байқауларға қатысып, блог, видео т.б. оқып, пікір қалдырып тұрамын. Алдағы уақытта Массагет порталында "Қазақшасы қалай?" атты эстафетасын ұйымдастырса. Басқа да жаңа байқауларды көргім келеді.
 
Байқау маған мақсатыма жетуге, алға қарай ұмтылуға, ешқашан мойымауға, кез келген кедергіден асуға үйретеді. Тағы да осы сияқты байқауларды жиі ұйымдастырса деймін. Массагеттен үлкен жаңалықтар күтемін.