Сəлем достар!
Қəзірше мен күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерді үйреніп жатырмын. Нақтырақ айтқанда: кəрісше сұрақтарды, диалог құруды, жануарлардың аттарын, апта күндерін, есімдіктерді, сын есімдерді, етістіктерді, ауа райларын. Сонымен қатар əріптерін жаттап, грамматиканы үйренудемін. Тоңазытқыш, үстел, күнделік, есік т.б атаулар қағазға жазып, жабыстырып қойдым. Бұл əдіс баршамызға белгілі əрі пайдалы жол. Арнайы дəптер бастап бəрін жазып, түсініп жүрмін.
Кəріс тілін үйрену өте қызықты əрі көңілді болды. Қалайда осы тілді меңгеріп аламын деген ойдамын! Мақсатыма жету үшін еңбектеніп, талпынып келемін. Сіз де қарап отырмаңыз!!!