Сәлем "Массагеттіктер!"
Мен сіздермен бүгін талай қызықтар туралы жазатын боламын!
Әлемде талай қызық бар дейтін тіркес тек ғаламның сыры емес, адамның сырына да қанық бола алмай жатыр.Неге десеңіз, мынадай қасиеттер сізде болса, жыларманның біреуі сіз болуыңыз да ықтимал. Сонымен кеттік:
Липодистрофия-тері асты майларының болмауы. Ұлыбританияның 59 жастағы тұрғыны Перри кез келген майлы тағамды бас тартпай жей алады. Майлы бәліш, торттар, десерттер тәрізді калориялы тағамдарды жесе де , бір грамм да салмақ қоспайды. Балалық шағында толық болғанымен, 12 жасында бір түннен таңға дейін арықтап қалған.
Мельбрундік Эшли Моррис душ қабылдау немесе ваннаға түсу деген бақытынан айырылған. Бір ғана тамшы су тисе, оның денесін аллергия басып кетеді. Дәрігерлердің диагнозына сүйенсек, оның аты сулы қалақай екен. Аталған жайт әлемде сирек кездеседі.
17 жастағы Натали Купер болса, әлемдік медицина шеше алмайтын жұмбақ адам. Оның ағзасы Тіс-Тас кәспитінен басқасын қорыта алмайды. Бір күнде ол 900000 данасын жеп отыруы тиіс.
Ағылшыңдық Кэй Андервуд қатты толқығанда, есінен танып қала береді. Мейлі ол қатты күлсін, жыласын, ашулансын, қорықсын бәрінде де ес-түссіз қалады. Кейде күніне 40 рет естен танатын кездері де болған екен.
Линкольндік музыкант Крис Сэндс соңғы жиырма жыл бойы ықылықтағаны тоқтамаған. Ұйқыға кетсе де, оның ықылық атқаны тоқтамайды екен. Байғұсқа не дәстүрлі емес медицина, йога, керек десеңіз гипноз да көмек бере алмапты
Тылсымның таңғажайып сырлары өте көп. Аталмыш 5 жағдайдың өзін қазіргі ғылым да түсіндіре алмауда.Бәлкім болашақ ұрпақ осы жағдайларды түсіндіріп беруге әлеуетті болуы да ықтимал. Хош,оны уақытында көреміз