Қыздар, мектепке не киеміз?!

Қайырлы күн,  Массагеттік оқырмандарым! Мектеп уақыты таяп, оқуға киім таңдауда оқушылар жүгіріп жүрген уақыт, қызу дайындық енді ғана келді.  Ер балалар үшін киім таңдау қыздарға қарағанда  жеңілірек. Бір жағынан мақсатым орындалып сіздерге кеңес болсын деп,  алдағы апта блогтарымның әрбір екіншісін мектеп киімдеріне арнайтын боламын.  Бүгінгі блогымыз белдемше жайлы. Ыңғайлы әрі әдемі мектеп белдемшесін кім қаламайды дейсіз?! Ендеше төмендегі кеңестерге мән берсек.  

Ең алдымен кең етекті белдемшелерге кезек берсек.

Кең етекті, жұқа матада тігілген, сүйкімді әрі қарапайым  белдемше-сүйкімді және байқаулар мен кездесулерге жиі баратын қыздарға арналады.

Сәнді сүйетін, жанындағы қыздардан ерекше көрінгісі келетін қыздар үшін-фатоннан жасалған белдемшелер.

Қалың матада, өз ерекшелігімен көзге түсетін бұл белдемше - ақылды қыздар үшін.

Ал ендігі кезекті қарындаш белдемшелеріне береміз.

Суретте көріп тұрғандарыңыздай  бұл белдемшелердің ұзындықтары әр түрлі. Қыздар өздеріне ұнағандарын таңдар алады.  Осы белдемше түрлерін көбінесе іскер кездесулерге қатысатын оқушы қыздар киетіні сөзсіз.

Келесі блогымызда мектеп жайлы болмақ. Күтіңіздер!



Бөлісу: