Күз туралы күзсіз сөйлемдер(Байқауға)

   «Уақыт зымырап өтуде...Кеше ғана мектепті бітіріп, жазғы демалысқа шығып едік.Кеше ғана күннің астында қатқан нан секілді қап-қара болып, ойнап жүр едік. Бітпейтіндей болып көрінген жаз мезгілі де бітті.Міне,қазір сабақ та басталды.Сабақ пен бірге ызғарлы күндер де кеп жетті.Кеше ғана «Күн ыстық боп кетті» деп жазға ренжіп жүр едік.Енді міне, күннің қалай салқындағанын да байқамай қалдық.Жаздың кезінде жайқалып, желдің күшімен билеп тұрған ағаштар да өз көркінен айырыла бастады.Төбемізде ән салып, бізбен бірге ойнайтын құстар да жылы мекендеріне көшіпті.Менімен допқа таласатын күшігім де бүгін өз үйшігінде жаурап жатыр.Күн кешкіре далаға шыға қойсаң «ызыңдап» маза бермейтін масалар да,күні-бойы қайда барсаң да көретін шыбындар да іздерін суытыпты»,- деп терең ойдың тұңғиығына батып отырған Асанның ойын анасының «Келе ғой, балам.Үй салқын.Жылы киімдеріңді кие ғой» деген сөздері бөліп жіберді.



Бөлісу: