Күй тартыс (Арнайы тапсырма)

      Елдің әр түкпіріндегі жас өрендердің басын қосып, арманға жетелеген, мақсатқа жеткізген массагеттік байқау да өз мәресіне жетуге шақ қалды. Арнайы блогымды кейінірек жариялаймын, қазір байқау аясындағы соңғы тапсырмамды назарларыңызға ұсынайын.

     Қашаннан қасиеті жоғары, орны- төр, мұңайғанға жұбаныш, қуанғанға дос, қайғылыға сүйеу бола білген қара домбыраның қос ішегін біраз күн қатар тербедім. Саз мектебі бола тұрғанымен, өз мектебімдегі домбыра үйірмесіне қатысқанымды айтып өткен едім.Нота білмейтінім содан :) Тапсырманы оқи сала, ағайымды әуреге салдым. Шыны керек, қорықтым... үмітті ақтай алмаудан. Күй алыбы Құрманғазы, Дәулеткерей,Нұрғиса аталарымыз бен "бүгінгінің Құрманғазысы" Секен Тұрысбековтың туындыларынан үзінді алдым. Байқап қарасақ, осы аталған күйлердің басталуы, ырғақтары ұқсас. Айта кететін жайт, бұл попурри- өз туындым :) Бағасын берсеңіздер екен!

 



Бөлісу: