Баршаңызға сәлем!
Айран – денсаулыққа өте пайдалы. Айранның құрамындағы бактериялар ағзамыздың иммундық жүйесін нығайтады. Сонымен қатар, айранның сары суы да өте құнарлы келеді, асқазанға ешқандай салмақ түсірмейді. Созылмалы диарея, дизентерия, желдену, астың қорытылмау салдарынан пайда болатын ауыз иісі, іш қату және асқазан қанаулары сияқты ауруларға қарсы емдік қасиеті бар.
Айранның құрамындағы дәрумендер көп: көз үшін А дәрумені, жетілу үшін Е дәрумені, жүйке және жүрек үшін В1 дәрумені, терінің жақсаруы үшін В2 дәрумені, сүйектің жетілуі үшін D дәрумені бар.
Айран ұйыту үшін кәстрөлге сүт құйып, пісіреміз. Сүттің салқындап, жәй жылы болғанын күтеміз.
Айран ұйытуға арнайы орын дайындап, кәстрөлді қоямыз.
Сүтке екі-үш қасық ұйытқы құямыз.
Сүтімізді араластырып, ағаш қасығымызды кәстрөлде қалдырамыз.
Кәстрөлді қақпақпен жақсылап жабамыз.
Кәстрөлді жақсылап орап, төрт-бес сағат күтеміз.
Сүтіміз төрт-бес сағат тұрды. Енді кәстрөлімізді ашып, айранның ұйығанын қараймыз.
Айранымыз ұйыды. Енді кәстрөлімізді тоңазытқышқа қоямыз.
Айран салқындаған соң, сары суын бөлек ыдысқа құйып аламыз.
Кесеге құйып, айранның дәмін көрейік.
Айран өте жақсы ұйыпты. Балдай тәтті! Әсіресе, менің кішкентай ініме қатты ұнады.
Назарларыңызға рахмет!