Сəлем хат... Хаттың жіберілуі тиіс мекен-жайы жоқ болса да, бұл хатта жазылатын адамның өмірде бар екені қуантады.
Хатымды саған деген сағыныш сезімімен толтырып отырмын. "Күндердің бір күнінде оқисың" деген үмітпен.
15 күн болыпты. Біз соңғы рет 15 күн бұрын әлеуметтік желі де сөйлескен екенбіз. Көп сөйлесе бермейміз...
Жалпы екеуміздің танысқанымыз бен айырылмастай құрбы болуымыздың өзі де ерекше болды емес пе? 10 жыл бірге оқысақ та, кетуіңе бес ай уақыт қалғанда ғана араласа бастадық. Бес ай деймін-ау... Менің басыма түскен қиындық, сенің де жаныңнан айналып өтпеді. Егер де сол жағдай орын алмаған да, бүгінде мектеп те, көше де үнемі бірге жүріп, жұртты өзімізге қызықтырып қоюшы ме едік? (Ойдан шығара салған арманым ғой)
Сонша жыл бір мектеп те оқып, айналдырған бес айда саған бауыр басып қалғанымды артынша сезініп жатырмын. Бауыр басып қалғанымның бір себебі, ол - екеуміздің ұқсастығымыз, қызығушылығымыз... Біз бірге жүрген де өзгелер сияқты емес, өзгелерден бөлек қиялдан əлем жасап алып, соған бірге саяхаттайтынбыз)
Ал қазір, Қазақстанның екі шетінде жүрміз. Келер оқу жылында алтын белгі иегері болуыңа талпыныс жасап, уақытыңды сабаққа арнағансың. Алматы адамды түбегейлі өзгертетінін айтушы еді, Ақтау да сені біршама өзгертіп жіберіпті! Сондықтан болар, сенің мазаңды, уақытыңды алғым келмейді. Тек, əлеуметтік желідегі суреттеріңе қарап қоям. Бір жыл болды сені көрмегеніме, іштей сағынамын да... Нұршатым...
Қыз атаулы мен мүлде араласпайтын едім, сенің өміріме əкелген шаттық нұрының арқасын да, өзің "құрбы бол" деп айтып кеткен Сандуғашпен жақын құрбы болып келем... Сенің орныңның бостығы сезіліп тұрады қашанда..
"Жақында ауылға келеді" деген сыбысты естідім) Сыбыс болса да, көңілімді бір қуантып тастады. Қашан келер екенсің? Достық ұғымын ұғындырған құрбым менің!
26.07.17 жыл
Турткулбаева
Осы байқауда да өзінің досқа деген кішіпейілділігі мен адал көңілі арқылы көңілімді ерекше аудара білген керемет жан бар, ол - кемеңгерлік-Əсел)
Қиын сəтте жаныңнан қолдау білдіретін достар саусақпен санарлық... Əр жаңа бастауыш күнімізге тәубе келтіріп, достықты қадірлейік...