Кітап- білім бұлағы (байқау)

Кітап- білім бұлағы (байқау)
жеке
блог

"Қайсыбір жылдың қоңыр күзі.Алтайдың қара суығы әлі түсе қойған жоқ еді. Алтайдың қызық шақтары болады. Сыпыра тауды жиектей батысқа жылыстар күн сәулесі қызусыз болса да, сүйек балқытар қуаты бар- өз-өзіңнен маужырап, өң мен түстің арасында есеңгіреп жүресің. Не ыстық, не суық емес дүбәра жылымық күнді шуақтап, киіз үйдің іргесінде отыра бергің келеді...".

Менің соңғы оқыған кітабым дәл осы жолдармен басталды. Оралхан Бөкейдің "Үркер ауып барады" кітабы. Әңгімелер мен повестердің жинағы. Ең алғашқы повес "Өліара". Шынымды айтсам мен көбіне орыс тіліндегі кітаптарды оқимын. Ал қазақ тіліндегі кітаптарды тіл байлығын молайту мақсатында оқимын. Алайда, бұл кітап маған өте қатты ұнады. Ішіндегі қай әңгімеге тоқтап, тарқата айтамын деп те көп ойландым. Бірақ, бір шешімге келе алмадым. Себебі, қай-қайсы да әсерлі, ерекше... Сондықтан оқырмандардың бәріне осы кітапты оқуға, міндетті түрде оқуға кеңес беремін!

Бұл кітапты бастамас бұрын тағы бір керемет кітапты оқып, өзіме- өзім риза болдым. Өйткені, ол да қазақ тілінде болды. Басында айтқанымдай көбіне орыша кітаптарды оқимын. Бұл жолы өзімді тоқтата алмадым. Алғашқы жолдарын оқыға сәттен бас ала алмай, 2 күн дегенде бітірдім. Ол- Өмірзақ Қажымғалиевтің "Жанкешу" романы. Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі қарапайым отбсының бастан кешкен ауыр зардаптары жайында, шынайы оқиғаға, өз өміріне негізделіп, анасының өміріне негізделіп жазылған роман. Оқыған кітаптарымды басқа да кітапсүйгіш жандарға ұсынудан шаршамаймын. Тағы да айтамын: міндетті түрде оқып көріңіздер.

Ендігі кезекте оқимын деп мақсат еткен тағы дабір топ кітаптарым. Солардың бірі- өте керемет автор, менің сүйіп оқитын авторларымның бірі Диана Сеттерфилдің "Тринадцатая сказка" деп аталатын кітабы. Ерекше, мен оқыған кітаптардың араындағы ең бір ерекшесі осы. Тылсым құпияға толы, өзіңді елітіп әкететін, терең кітап, ауыр кітап... Жаз, көктем мезгілдеріне мүлдем бармайтын сұр кітап... Қорқыныш пен үрей, үміт пен күдікке толы кітап. Оқу барысында оқиғалардың бәрі менімен болып жатқандай күй кештім. Тіпті үйімнің іші де сондай атосфераға толып кеткендей болды. Түсініксіз із қалды жүрегімде. Көпке дейін сол кітаптың елесімен жүрдім, айналып келіп қайтадан оқығың келеді. Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл кітап жайлы сағаттап айтуға дайынмын. Оқыңыздар, ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Тек бір айтарым бар: Күзде немесе қыс мезгіліне оқуға кеңес беремін. Маған қатты әсер еткені соншалық, кітап жайлы күнделігімнен арнайы парақша арнадым. Сіздерге де ұнайтынына күмәнім жоқ!

Келесі кітап- Пауло Коэльо "Алхимик". Бұл кітап жайлы бір нәрсе айтудың өзі артық. Бұл кітапта махаббат та бар, достық та бар ең бастысы арман бар. "Иногда нужно обойти весь мир, чтобы понять, что клад зарыт у твоего собственного дома..."- тап осы жолдар арқылы да кітаптың қаншалықты құнды, мәнді, ойлы екенін аңғаруға болады. Сантьяго есімді жігіттің арманына жету жолында артқа тастаған ұзақ жолы, Фатима есімді шөл қызын кездестіріп, ғашық болуы, алхимикті жолықтыруы... Мотивация беретін, керемет кітап. Көбі оқыды деп ойлаймын. Бұрынырақ оқығанымда оданда жақсы болушы еді.

 Сөзімнің соңында айтарым- аз уақытта біршама кітап оқып үлгердім. Егер осы байқауға қатыспағанымда, кім біледі, мүмкін бұл кітаптардың тек біреуін ғана оқыр ма едім. Тағы да Массагетке алғысымды жаудырамын!!!!