Бұралаңы жоқ түп түзу жолмен алысқа бармайсың
Есейген сайын өзгеше, мүлде бөлек ойлана бастайсың. Көз-қарасың, көкжиек танымын кеңейіп, қорқынышын үдейе түседі. Кішкентай балалар бір жерде аяғын жырып алса да, бәрібір сол жерге барып қайта ойнайды емес пе?
Бұл әңгімені екі рет бастан-аяқ оқысам да, қайта-қайта оқи бергім келеді. Оның "Кішкентай ханзадасы" ерекше, өзгелердей емес! Ерекшелік деп осыны айт. Балалардың барлығы есеюді қаласа, ол тек сандарды ғана маңызды санайтын үлкен болғысы келмейді. Бір қойған сұрағына жауап алмайынша тыңбайтын. Бұл оның ерекше қасиеттері еді.
Мына суретке назарыңызды салыңызшы...Қорқынышты иә?
Төмпешік, не қалпақ қорқынышты ма? Оқығандар,(көбі оқыған шығар) бұны білеміз ғой деп отырған шығарсыздар. Мойындаймын, мен де ең алғашында қалпақты байқадым. Өзімнің есейіп бара жатқанымды сезгендей болдым...
Негізі оның салған суреті осындай еді.
Қарапайым ғана мына сурет қаншама адамды ойландырғаны анық. Жай ғана суреттегі бейнеден ғажайыпты жасау да шеберлік екен ғой?!
Оның ғаламшарында үш жанартау, мен баобабтар ғана бар еді. Олар көбеймеу үшін оларды тазалап отыру керек, әйтпесе олар ғаламшардв кішкене бөлшекке ыдыратып жібереді! Бір күні ол ерекше затты көреді-ол раушан гүлі еді. Басқалар секілді жұлып алмай, оны күтіп, баптайды, оны жақсы көретін еді. Сонымен қатар, жалғыздықтан мезі болғандықтан күннің батуын 43 рет тамашалаған, ол үшін тек орындығынды сәл ғана алдыға жылжытсан болды.
Дос іздеп, алты ғаламшарға барады. Ғаламшардан ғаламшарға ұшқан сайын ол үлкендердің ерекшелігі жоқ, біртүрлі екеніне анық көз жеткізе бастайды. Ең соңында Жерге келіп, түлкімен достасады, ал ұшағы сынған әңгіме иесі оның ең соңғы кездестірген Жердегі тіршілік иесі еді...
Жай ғана бір кітап. Азғантай бет. Өзі салған суреттер. Адамға мың сұрақ тастайды. Ұшы-қиыры жоқ ой жетегіне әкетеді. Басқа әлемге енгендей, кейіпкерлермен тілдесіп келкендей әсерде қалдым!
Сіздерге де оқуға кеңес беремін! Ешқашан есеюге асықпаңыздар!