Сәлем Массагет! Әне – міне дегенше байқаудыңда соңына жетіп қалдық. Қысқа уақыт ішінде көптеген тың ақпараттар мен жаңа достар кездестірдім. Мектептегі соңғы жазғы демалысымды осындай тамаша етіп өткізгеніме қуаныштымын.
Өзімді байқап көрмеген салаларды бағындырдым. Әсіресе журналист болуды мақсат тұтқан мен үшін біраз деңгейге көтерілдім. Алғашқы сұхбатымды жасадым. Тілшілік жолда әлі талай сұхбат жасайтын боламын бірақ алғашқы сұхбатым мен үшін ыстық болып қала береді. «Айналайын, Ақбұлақ» атты фоторепортажымды жасағаныма да қуанамын. Бұл мақсатты игеруде мен суретке түсірудің қыр – сырымен қаныққан болатынмын. Бұл да мен үшін бір тәжірибие болды. Сонымен қатар өзімнің саламдағы үздіктерді анықтадым, ақындардың кітабын оқып рухани байыдым, проза жанрында алғаш қалам тербедім, үздік ән мәтіндерін жарияладым, Отандық киноның жауһарлармен таныстырдым. Біраз дүние жасадым. Мақсатым арзан қол дүние жасау емес, қайта менің мақсаттарымнан, жазған блогтарымнан пайдалы дүниелер ала білсе мен үшін еңбегімнің зая кетпегені.
Тағы да жетекшім Шерхан Талапұлына рахметімді айтамын. Берген бағыт - бағдарыңыз бен ақыл кеңесіңіз үшін өз алғасымды білдіремін. Топтағы достарыма шығармашылық табыстар, Массагет ұжымына толағай табыс тілеймін. Мен үшін мақсаттар жалғаса бермек. Алдымда үлкен сынақ ҰБТ тұр. Осы сынақтан сүрінбей өтіп, армандаған мамандығымның иесі болғым келеді.