Белгілі бір істі жасағанда оны бітіргенше шыдамсыздық танытып,жалығатын кездер болмайды емес болады.Мойындаңыз! Бәрін ысырып қойып өз әлеміңде «демалыс» жариялап та алатынымыз бар.Осындай сәтте айналаңнан мотивация алып,жаңа көзқараспен,құлшынысыңызды арттыруға қалай қарайсыз?
Айырқалпақты бауырларымыздың 2012 жылы көрерменге жол тартқан «Салам Нью-Йорк» фильмі жасөспірімдер үшін өте жақсы көңіл-күй сыйлайды. Фильмнің сапасына сын таққым келмейді.Бюджетінің аздығын, ролдердегі әртістердің кәсіби емес екенін есепке алған жөн. Фильмнің жалпы идеясы жақсы,Батыр – мотиватор!
Жапон халқының пысық екеніне тағы бір көзімді жеткізген - "Двоечница гяру" фильмі. Оңтүстік пен Солтүстікті ажырата алмайтын қыз қалайша ең мықты оқу орнына түсті? Бақ болар бәлкім.Әйтеуір сену қиын. Бірақ,фильмдегі басты кейіпкердің өзіне деген сенімі,репититорының артқан үміті бәрін басып тұр. Біздің айналамызда да бар ғой сенетіндер. Ендеше біз де бәріне қол жеткіземіз.
Ол үшін не істеу керек?
Сену керек!Сенімді ақтау керек!
Бұл екі фильм өзіме жақсы мотивация берді. Өзіммен салыстыра отырып «менің де қолымнан келеді» деген ой ғана келді. Бәрінен жалыққанда,шаршағанда осы екі фильмді көруден әсте шаршамаспын. Өзімді қайта жинап алып, жаңа күнді «жаңа Көркем» болып бастаймын.Сіз де көріңіз,күш жинаңыз!