Қолдау

        Жалынды жас

                                                                     Ақыл қайда болса,ұлылық толады,

                                                                     Білім кімде,сол білікті болады.

                                                                     Ақылды ұғар,білімділер біледі,

                                                                     Түгел болар білімді,есті тілегі!

                                                                                                                        Ж.Баласағұн

Әдебиет өмірге қашанда жан-жақты, әрі терең үңіліп,бой көрсетіп жүрген кемшілік атаулыны ешқандай ымырасыз батыл да ашық сынап бүгінгі техникалық ғасыр-осынау  күрделі қоғам дамуынан қалыспай,сонымен бірге бүгінгі жаңа сипатты жаңа моральдың иесі адамдарымызды бір-бірін шын сүюге,қоян-қолтық араласып білуіне,шындықты айтуға,жақсылық үшін керек жерде жанын беруге,ізгілікті,парасаттылықты көзіміздің қарашығындай қорғауға баулуы тиіс.Мен нағыз білімнің атқарар міндеті,көкейтесті парызы осы деп білемін.Білім-болашаққа салынған инвестиция.Олай болса, жас ұрпақ білімді қайдан алады?Әрине, кітаптан.Кітап оқыған адамның рухани жан дүниесі байып,нұрлана түседі.Осындай,кітапты өзіне серік еткен жандардың бірі-досым Дәулетбақ Мұятов.Кітап десе,ішкен асын жерге қояды,ал оны оқу десе алдына жан салмайды.Дәулетбақ сегіз қырлы бір сырлы жан.Дәулетбақтың бойынан ізгі қасиеттердің кез келгенін таба аласыз.Оқуда оза шауып, білімділердің қатарында.Өзіндік ізденіс үстінде жүреді..Қазіргі таңда осы Массагет порталы жарияған байқауға қатысып,өзін сынап көруде.Байқау басталғалы мақаларын үздіксіз оқып,өз пікірімді білдіріп отырдым,яғни тұрақты оқырманына айналдым. Мақалалары жоғары деңгейде жазылған,және де қоғаммен байланыстыра білген.Басқа байқауға қатысушылардан ерекшелігі-ойын жүйелі түрде анық жеткізе алады.Мақалаларында керекті мәліметтер өте көп.Өзіме қажет жерлерін қойын дәптеріме түртіп қойдым.Байқауға қатысудағы негізгі мақсаттарын орындап шықты.Жарайсың,досым!Мына жыр шумақтарын досыма арнаймын:

Жансың ғой жаның құмар жаңалыққа,
Бет алған балалықтан ағалыққа.
Үлгі боп үлкенге де кішіге де,
Бойың тұнған ақыл мен даналыққа.

Бағындырып білімнің талай шыңын,
Орындалсын ойлаған әрбір ісің.
Кезің жоқ жалқаулықпен құр өткізген,
Алтынмен тең өмірдің әрбір күнін.

Алатау сынды еңсең бар шалқалап өскен,
Аспанның өзін иықпен тіреп тұрарлық.
Көңілің дәйім самалдай арқадан ескен,
Сөздерің жаулап алады жүректі барлық!!!

«Хан tenqri »тобының жетекшісі Шерхан Талап бақытты жан,себебі,ұстаз бақыты озып тұрған шәкірті емес пе?Бұл байқауда Дәулетбақтың жеңетініне сенемін!!!



Бөлісу: