Қазағым басын иген данасына,
Құрмет тұтқан жас буын, баласын да,
Елімнің шоқжұлдызы дүниеге
Келіпті сол қазақтың даласында.
Тек батырлық сұралар рухты ерден,
Жаудан қорғау халықты төніп келген,
Ал Абайдай қазақтың өр баласы
Жастарына қазақтың рух берген.
Азаттықты ту етті , жаңылмады,
Қаскөйлерді жыр етті жанындағы,
Осындай бабасының жырларымен
Бүгінгі жас ұрпақтар жалындады.
Артына қарайлаған «ұрпағым» деп
Қазақтың билік айтқан сұлтаны көп,
«Қазақ деген кім десе» айтар едім
Кешегі Абай ата ұрпағы деп.
Қараймыз ұлы ақынды күткендей біз,
Күндей боп сәуле шашқан көктен күндіз.
Шоқтығы мәңгі сөнбес Абай ақын
Елімнің маңдайына біткен жұлдыз.