Уақыт. Біз көбінесе уақыттың қадірін білмей жатамыз. Үнемі есеюді қалаймыз. Құдды біз үшін біреу бақытты болашақ, жарқын өмір дайындап қойғандай... Алайда олай емес екенін өмірдің өзі дәлелдейді. Ешкім ешқашан бөгде біреудің болашағы үшін қам жемейді, тіпті мойын бұрып та қарамайды. Сол үшін талпыныс керек, алға қадам басып, өз өмірің, бақытың үшін күресу қажет.
Менің аты-жөнім – Жолдасова Әсем Қалмаханқызы. 2002жылы 20 мамырда Шымкент қаласы, Сарыағаш ауданында дүниеге келдім.
Еліктейтін тұлғам жоқ. Өмірде әрбір адам жеке-дара жаратылыс, сондықтан өмірдегі өз орнымды ойып тұрып қалдыратындай тұлға болғым келеді.
Мұңдасым да, сырласым да – күнделігім. Ешкімге айта алмайтын жайттарды күнделігіммен бөлісемін. Бос уақытымда әлеуметтік желілерде отырамын, тәтті тағамдар дайындаймын.
Байқауға қатысқан себебім уақытты тиімді пайдаланып, білімімді арттыру, мақсатқа жету, жауапкершілікке бейімделу.
Ал мен Массагет сайты Қазақ елінің 550 жылдығы және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шара немесе байқау ұйымдастырғанын қалаймын.
«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауы, ең бастысы, мақсатқа жетер жолда ешнәрседен тайсалмауға, еңбек етуге, төзімділікке шақырады.