Қимастық

Қимастық
жеке
блог

 Массагет - жастар мекені. Іздегенде жаныңыздан табылар жанашырыңыз десек те болады. Жаныңызға керектің барлығын осы жерден таба аласыз. Сонымен қатар, Массагет - түрлі өңірдегі,түрлі адамдарды байланыстырып, достастырушы. Әсіресе "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы арқылы жақсы достасып кеткен, тіпті туған бауырлардай болып кеткен достарымыздың бар екендігі баршамызға мәлім. Осы байқау арқылы жаз мезгіліндегі бос уақытымызды тиімді пайдаланып, өз мақсаттарымызға жеттік, түрлі достар таптық. Байқаудың бірінші маусымында Гүлжанар Жарқынбекқызы жетекшілік еткен "Кен" тобында болсам, осы жолы Марғұлан аға жетекшілік еткен "Арша" тобында болдым. Екі топтағы жетекшілерім де, достарым да маған өте қымбат. Байқаудан кейін де сыйластығымыз бен достығымыз жалғасын тапты. Байқау барысында Гүлжанар Жарқынбекқызы мен Марғұлан ағадан көптеген нәрселерді үйрендім. Олар бізді әрдайым қолдап, демеп отырды. Сол үшін екі жетекшіме де алғысым шексіз.

 Ал осы жылғы байқаудың қорытындысына келер болсақ өзімді өте жақсы жетістікке жеттім деп есептеймін. Жеке-жеке есеп беретін болсақ:

1.Ағылшын тілінде сөздік қорымды дамытуды мақсат еткен болатынмын. Бұл мақсатым 85% орындалды. Себебі әлі үйренер сөздер өте көп. Десек те осы жетістігім де жаман емес. Ағылшын тілінде 250-300 сөзден тұратын эссе де жазып үйрендім. Қуантарлығы қателер өте аз болды. Алдағы уақытта мүлдем қатесіз жазып үйренеріме сенімім мол.

Екінші мақсатым: Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі мен шығармаларын зерттеу болатын. Бұл мақсатым 100% орындалды десек те болады.Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі мен шығармаларын тек зерттеп қана қоймай, хикметтерін де жаттап алдым. Түркістан жері туралы да көптеген мағлұматтар жинадым.

3.ҰБТ-ге дайындалу. Бұл мақсатым 50% орындалды. Себебі, ҰБТ- ге әлі мықты дайындық қажет. Бұл мақсатымның нағыз қорытындысын 11-сыныпты аяқтағаннан кейін білетін боламыз.

Төртінші мақсатым ас үйдің асыл ханшайымына айналу болатын. Бұл мақсатым да 100% орындалды. Негізгі мақсатым көптен бері дайындап үйренгім келіп жүрген тағамдарды дайындап үйрену болатын, ол орындалды. Ол тағамдар: күріш дайындау(палау), Вупи пай тортын әзірлеу және бауырдан котлет жасап үйрену болатын. Бұл тағамдарды бірден дәмді етіп жасап үйрендім.

 Мен мақсатыма жеттім. Сіз де өз алдыңызға мақсат қойыңыз және сол мақсатыңыз үшін таалмай еңбек етіңіз. Мақсатыңызға жететініңізге сенімім мол. Массагет ұжымына айтарым, бұл байқау осымен тоқтап қалмай тағы да өз жалғасын тапса екен. Байқау басталғанда баршамыз қаншалықты қуансақ, байқау аяқталар шақта сооншалықты қимай қорытындылаймыз және байқаудың жалғасын асыға күтеміз. Осы біз күтетін үлкен қуаныш келесі жазда қайта оралса дейміз. Ал әзірге бұл байқауға шеексіз алғысымды білдіріп, қимай қоштасамын. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы мен сені асыға күтемін♥!