Кеше Бүгін Ертең

Кеше Бүгін Ертең
жеке
блог

Кеше Бүгін Ертең... Уақытымыз зымырап өтіп жатыр. Кеше ғана оқу жылын аяқтап едік, енді міне қайтадан жаңа оқу жылына қадам басқалы отырмыз. Кешегі күн өтті, енді қайта келмейді.Бүгін жаса, қолыңнан келгенше, ертеңің үшін деген сөздерді естігенде мән бермеуші едім. Жоқ, ол рас екен.

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы да ұзақ болып көрінгенімен аз уақыт аралығында өте шықты. Мақсатымызға жетіп арманымызға бір қадам болса да жақындай түстік деп  ойлаймын. Ал енді мен өз мақсаттарымды қортындылап өтейін:

1. Төте жазу. Менің бұл мақсатым толықтай орындалды.

2. Ағылшын тілі. Ағылшын тілінде сайрамасамда грамматикасынан біраз хабардар болып, жаңа сөздер үйрендім.

3. Тарих. Пән бойынша тесттермен жұмыс жасап нәтижемді жаңарттым. 25/15-16 жинайтын болдым.

4. Әдебиет. Журналистика әлемінің тыныс-тіршілігімен толықтай болмаса да таныстым. Айта кетейін, осы жыл "Жаз" атты эссем газетте жарық көрді.

жаз

 

Мен мақсаттарыма 85% жеттім деп болжамдап отырмын, сіздер қалай ойлайсыздар?

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы бұрын да айтқанымдай жауапкершілікті көбірек үйретті. Істі жарты жолда тастамай соңына дейін жеткізуді үйретті. Тіпті кеш болса да...

Білікті де білімді Әсел әпкеміздің үйретері көп болды. Қарапайым грамматикадан бастап, төте жазуға дейін. Өзіңізге алғысым шексіз.

Және де осының барлығы үшін Массагет сайтына РАҚМЕТ!