"Керемет" тәттісі

"Керемет" тәттісі
жеке
блог
Қайырлы күн, кұрметті оқырмандарым! Мен бүгін сіздерге   "Керемет"  атты тәтті жасаудың ас мәзірін ұсынсамба деймін. Тәттіні сүйетін жандарға ұнайды деген сенімдемін.  10 минутта дайын болатын "Керемет" тәттісін шәймен ішкенге не жетсін!  Айтпақшы, тәттілер адамның  көңіл-күйін көтеретіні сөзсіз.
Қажет  тағам түрлері:
- 150 г мармелад
- 200 г тазартылған грек жаңғағы
- 3 қорап жүгері таяқшасы
- 175 г маргарин
- 1 банка қойытылған сүт (сгущенка)
1. Жүгері таяқшаларын қойытылған сүтпен араластырамыз
2. Алдыңғы қоспаға мармелад және грек жаңғақтарын қосамыз
3. Пішінге келтіріп арнайы орамға саламыз
4. Тоңазытқышқа 5 мин қоямыз
5.Тоңазытқыштан шығарып, орамнан аламыз. Оны турап тәрелкеге саламыз
Ас мәзіріміз дайын. Ас болсын!