Қайырлы күн, Массагеттік оқырмандарым! Сіз, біз деген жылы сөз! Ал, ендеше кезекті тағы да кеңеске берсек қалай қарайсыздар?! Ер балаларға арнайы блог дайындамасамда қысқа ғана айтарым бар. Ары қарай мектепке қажет сөмкелер жайлы айтпақпын.Қоғамда өзіңізді сергек әрі еркін ұстау үшін сенімді болуыңыз шарт. Ал оған үстіңіздегі киімнің тазалығы, ыңғайлылығы үлкен әсерін тигізеді. Адам үшін киімнің соңғы үлгідегі немесе бағалы болуы шарт емес. Тек қана өзіңізге әдемі жарасып, ыңғайлы әрі үйлестіріп тұрғаны болса болғаны.
Өткен аптада "Мақсатыңа Массагетпен жет" байқауы барысы бойынша, мектеп киімі соның ішінде қыздарға арналған белдемшелерді ұсынған болатынмын. Келесі кезек сөмкелерге арналмақ. Егер менің блогтарымды қарап шықсаңыздар осы байқауға дейінгі блогтар арасында блузкалар жайлы айтылған болатын.
Ауыр кітаптар, қалың қағаздар мен қаламсаптар, оған қоса электронды кітапты мектепке тасу қиын-ақ. Бірақ жұмысымызды жеңілдету ыңғайлы сөмкеге байланысты. Жалпы, мектепке қыздар үшін 3 түрлі сөмке қажет деп ойлаймын. Бірі қолға арналған офистік сөмке болса, рюкзак және кішкентай сөмкеше. Офистік сөмкеге кітаптар сыйса, әдемі де көрінері сөзсіз. Бірақ егер дене шынықыру сабақтары болса рюкзак ұстағаныңыз жөн. Ал қосымша сабақтарға кішкентай сөмкеше артықтық етпейді.
Сіздерге осы үш сөмкенің үлгісін ұсынамын.