Кемеңгермін ойы ұшқыр

Сіздерге жаңа құрам. Өте дәмді, дастарқанның көркін ашар тәтті бәліш. 

 "Алма бәліші"

150 г сары май;

2-3 стақан қант;

2 жұмыртқа;

2-3 стақан ұн;

1 қопсытқыш; (разлыхлитель)

шым-шым тұз;

жарты лимон;

кесілген уақ алмалар; (үлкендеу алмалардан 4-5)

Сәндеуге - корица және ұнтақты қант; (сахарная пудра)

 Дайындалу жолдары:

1. Сары майды ерітіп, ыдысқа суытып құйыңыз. Содан соң  1,5 стақан қант салып миксермен араластырамыз. Қоспа 2 есе ұлғайған соң қалған қантпен 1 жұмыртқа салып, орташа темппен араластыруды жалғастырамыз. Қант толық еріген соң, қоспа өзінің қалыпына келеді.

2. Алманы уақтап турап, дайындап ыдысқа саламыз. Кейін, лимонды сығып, алманы жақсылап араластырамыз. Жарты банка уақ шығуы тиіс, осыны ұмытпаңыздар.

3. Дайындалған қоспаға ендігі кезекте ұн, қопсытқыш, тұз салып жақсылап араластырамыз. Дайындау үшін 5-7 минут кетеді. Қоспаның жақсы болуын ескеріңіз. Дайын болған қоспаға алмаларды салып, жаймен араластырыңыз.

4. Қалыптарыңызды дайындап, қоспаны құямыз. Дәмді бәліштеріңіз көтеріліп, өзінің әдемі қалыпына келеді. 

5. Алдын ала пешіңізді 200 градусқа қойып қыздырып алыңыз. Пешіңіз дайын болғаннан кейін, бәліштерді 20-25 минутқа қойыңыз. Дайын болған соң, бәліштерді суытып, сәндік үшін ұнтақты қантты себіңіз.

6. Бәліш өте оңай жасалады әрі өте дәмді. Жасап көріңіз, сізге ұнайтынына сенімдімін.

 Асыңыз дәмді болсын!!!

 

 Төте жазуды жазып қана қоймай, сөздер құрастырып жатқан жайым бар. Жетекшімнің кезекті тапсырмасы жасырылған сөздерді табу болатын. 

 Жауаптары:

1.Балалар; 2.Ғаламшар; 3.Ардагер; 4.Білім; 5.Данышпан; 6.Күлтегін; 7.Юпитер; 8.Рамазан; 9.Өнерпаз; 10.Мұрагер; 11.Мәдениет; 12.Махаббат; 13.Жапырақ; 14.Сағат; 15.Университет; 16.Сарқырама; 17.Тайбурыл; 18 Сәлем хат; 19. Шаттық; 20.Кәсіпқой.

 Ағылшын тілін арнайы сайттан үйреніп жатырғанымды айтқан болатынмын.  Леомның тойымдылығы күннен күнге өсуде. Бұл менің бастапқы жетістіктерім болғандықтан, осының өзіне де ризамын. Осы бағытымнан таймасам, мақсатыма жетемін.

Күнделікті жаңа сөздерді қайталап, сөйлемдер құрап жүрмін. Тек сөздік қорың мол болса қиындық жоқ. Сондықтан, ағылшын тілін тез үйрену үшін сөздікті серігіңіз етіңіз. 



Бөлісу: