Қазақтың Қайраты

Қазақтың Қайраты
жеке
блог

        Өткен апта  Дейл Карнегидің «Қалай достар табу қажет және адамдарға әсер ету керек» атты кітабын орындалған мақсаттарымның қатарына қостым. Оқысаңыз бұл кітаптан түйгеніңіз, өміріңізге мәңгілік азық болады.  Маған бұл кітаптағы ұнаған цитата ол: «Өзгелерді сынамаңыз. Ол олардың қателіктерін немесе мінезін түземейді». 96

         Мені ойландырған осы сөздер бүгінгі біздің қоғамымызға қатты керек секілді. Өзгелердің қателігін сынау бұзылған теледидарды жөндеймін деп, оны үлкен балғамен ұрғанмен тең. Бұл ақымақтық емес пе? Сіз бұзылған теледидарды балғамен ұрсаңыз оны жөндеудің орнына, одан сайын қиратасыз. Біз әрқашан өзгелердің қателігін көреміз.  Қарапайым мысал қазір көбісі Қайрат Нұртасты сынауға бейім. Әр қадамын жамандыққа балайтындар бар. Неге? Түсіне алмадым. Қайрат Нұртастың еңбегін жоғары бағалаймын.  Қазаққа деген, ұлтына деген көзқарасы жоғары .  Қайрат қазақ тілінде ән салады, сахнаға шығысымен қазақ тілінде амандасады, ол қазақша ойлайды, қазақша сөйлейді. Бұл бір жағынан менің ұлтшылдығым болса, бір жағынан бүгінгі қоғамның дәрежесінің айқындығы.Абай атамыз айтқан ғой "тірі адамның өсектен аманы жоқ, өлген адамның жаманы жоқ". Қолда бар Қазақтың Қайратын бағалайық!41

           Ойлаңызшы Қайрат болмағанда  оның қазіргі тыңдармандары  шетелдің  мәнсіз әндерін тыңдар еді. Оның концерттеріне барудың орнына пайдасыз іспен айналысатын еді. Оның жанкүйерлері қазақ баласы Қайратқа емес, шетелдің қазаққа пайдасы жоқ бір тұлғасына еліктейтін еді. Кейде Қайраттай танымал тұлғаларды сынап жатқан жандарды көрсем, Уоррен Баффетің мына сөздері еріксіз есіме келеді: "Егер сіз сондай ақылды болсаңыз, мен неге баймын?!"

          Біздегі қазіргі қоғамның ой-шұқыры көп. Бүгінгі күннің тілінде айтсақ: Барселонаның жанкүйері болу, Реалды жек көру деген  сөз емес; Месси мен Роналду да солай; Өзге әншінің әндерін тыңдау, Қайратты  ұнатпау деген сөз емес. Ең бастысы құрмет болу қажет. Ол адамның өз дәрежесіне байланысты. Элеонор Рузвельттің мына сөздерінен өзіңіздің дәрежеңізді анықтаңыз.   

«Ұлы ойлар идеяларды талқыға салады; Орта дәрежедегі ойлар жаңалықтарды талқыға салады; Ал ең төменгі дәрежедегі ойлар адамдарды талқыға салады».

            Біздің қоғамда жоғарғы дәрежедегі адамдар аз. Өз дәрежеңізді көтеруге тырысыңыз.

         Өз ұлтымыздың, еліміздің жанашыры болайық!

                       Қазақты жамандама қазақ бала,

                      Қазақ деген жер бетінде аз-ақ қана.

                      Жердің асты, айдың үсті бар әлемде,

                      Қазақтың жанашыры қазақ қана.

 56

P.S. Дейл Карнегиді оқып отырып, сол бір цитатаға көп ойланып кетіппін. Өзге ел әдебиетінен өзіміздің қоғамға қалай көшкенімді аңдамай да  қалдым. Оқырман, ал сіз бүгінгі қоғам жайында не ойлайсыз?