Қазақ тарихының əр кезеңінде ерлігімен,даналығымен,парасатымен барша жұртқа өнеге бола білген қазақ əйелдері жайлы.
Ұмай ана_______________
Аты аңызға айналған аналар есімінің алдыңғы қатарын Ұмай ана есімі толықтырады.Қазақ тарихындағы əулие деп саналған алғашқы əйел адам болғандықтан,оның есімінің “Жүз тұңғыш” жинағына енуі заңды.Жинақта “Қазақтың ежелгі тарихында əулие атанған тұңғыш əйел.Қазақ əйелдерінің сыйынатын тұңғыш енесі”,-деп көрсеткен.
Көне түркі мифологиясы бойынша,ол-ұрпақ жалғастығын жебейтін періште.Ертеде қазақтар қыздарын ұзатқанда,неке қиғызу рəсімінде,сондай-ақ əйелдер босанғанда Ұмай анаға жалбарынып,одан медет тілегені мəлім.
Томирис________________
Əлемге əйгілі 10 əйелдің арасында сақ патшайымы Томиристің аты аталады.Томирис есімі 2005 шыққан “Жүз тұңғыш” атты кітапқа енген.Бұнда “Сақтан тараған массагет тайпасының тұңғыш əйел патшасы.Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дəуірімізге дейінгі 529-жылы жеңіп,соғыста өлтірген тұңғыш əйел қолбасы”,-делінген.
Зарина_________________
Сақ патшайымы туралы айтқанда,Томиристен кейін Зарина (558-518 ж.ж. б.д.д) есімі аталады.
Зарина-сақ билеушісінің қызы,кейіннен сақ патшайымы.Сығанақ қаласының маңындағы Роксанаки қаласында қырық қыздан тұратын өз əскерін жасақтаған.
…Сақ тайпасын басқарған патша Зарина өзінің батылдығы,сұлулығы жəне ақылдылығымен дараланған.
Домалақ ана_____________
Домалақ ананың шын аты-Нұрила.”Диһнат мама”(əулие ана) деген сөзбен байланыстырылып,Домалақ ана деп аталып кеткен.
Домалақ ана-Бəйдібек бидің əйелі…Домалақ анадан туған Тілеубердіден Албан,Суан,Дулат тараған дейді.
…Өзі барлық адамдарға өте мейірімді,ақылды,əулие əйел болған.Жаратушының күшімен болатын оқиғаларды күні бұрын біліп отыратын сəуегей,көріпкел екен.
Қойсана__________________
Қойсана-Тарақты Байғозы батырдың қызы.Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болған.Ер Ағыбайға екіқабат кезінде түн жамылып елінің жылқыларын ұрлап бара жатқан барымташыларды соңынан қуып жетіп,бəрін аттан түсіріп байлап əкелген.Ауылға келген соң қарақшылардың басшысы”бізді аттан түсірген əйелдің күші емес,оның ішіндегі баласының күші”деген екен.Көп ұзамай Қойсана Ағыбай батырды туыпты.
Ақбикеш Ару_________________
Есім ханның шолғыншы батырларының бірі. ХVII ғасырда өмір сүрген. Есім хан жасақтарының Бұхараға, Қашғарға Қалмақ жеріне жасаған жорықтарына қатысқан ержүрек қыз. Ол негізінен алыстағы жау жасақтарының орналасқан тұсын дəл болжау арқылы Қазақ жасақтарына көп көмектескен. Аңыз бойынша оның көргіштік жəне болжағыштық қасиеті ерекше болған екен. Ақбикеш еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, сол мұнарадан төңіректі шолып тұратын болған. Жəне сол аңыз бойынша Ақбикешті жоңғарлар қапыда қолға түсіріп, өшікеннен оның көздерін ойып алған дейді.
Гауһар ару___________________
Қазақ пен қалмақ арасындағы ұлы сүргін соғыс кезінде (ХVШ ғ.) ерлік істерімен ел есінде қалған аяулы арулардың бірі − Гаухар. Ол əйгілі Қаракерей Қабанбай батырдың жан жары, бəсентиін Малайсары батырдың туған қарындасы. Саны мол, қауіп-қатері көп жорық жолдарында Гаухар айырықша табандылық көрсетіп, Қабан-бай батырмен тізе қосып талай рет қанды шайқастарға қатысқан. Гаухар қылышын қынапқа салмаған батыр атанған. Қабанбай мен Гаухардың тұла бойы тұңғышы − Назым қыз да ерлік істерімен танылған.
Қарашаш сұлу______________
Бұл кісі əйгілі Жиренше шешеннің əйелі болған. Ол аңызда өзінің тапқырлығы жəне данагөй ақылдылығымен Жиренше шешеннің өзіне лайықты жары бола білген ерекше адам ретінде суреттеледі.
Нұрпейіс келіні Дина_________
Қазақтың «Күй Анасы» атанған əйгілі күйші-сазгері. Бала кезінде-ақ Құрманғазының өзі сүйсініп тыңдаған талантты шəкірті болған. Ол 1944 жылы Қазақстанның халық əртісі атанған. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Тарихта ақыл-парасатымен, тапқырлығы мен батылдығымен, дуалы сөзі мен дара өнерімен көзге түсіп, бүгінгі күнге дейін ел жадында қалған асыл аналарымыз бен дана қыздарымыз өте көп болған.Ел сүйіспеншілігіне бөленген аналардың жарқын бейнесі əрқашанда үлгі болып қала бермек.