Армысың ардақты Алаш арландары мен Қазақ қаракөздері! Қазақстан тарихы пәні бойынша қойған мақсаттарымды аяқтауғға жақындап келемін. Осы орайда cіздерге маңызды тақырыппен бөліскенді жөн көрдім. Тәуелсіздік - ұлттың жарқын өмірінің басталған уақыты. Халқымыздың азаттық алған кезеңін жадымызда сақтай жүрейік!
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)
1990 жылы Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы – кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға болды. 1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар бірінен соң бірі өз егемендігін жариялай бастады. Балтық жағалауындағы Латвия, Литва, Эстония, кейінірек Украина мен Қырғызстан тәуелсіздігін атап өтті. Кеңес Одағының басшылары Балтық бойы елдеріне жаза ретінде экономикалық, саяси қысым көрсетті. 1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды.
Егемендігі танылған республикалар одақтық шарт қабылдау мәселесіне 1990 жылы келіп тірелді. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусь, Ресей, Украина мемлекеттерінің басшылары ТМД құрылғанын мәлімдеді.
Тәуелсіздік елімізге екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік шовинистік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге тарта күрес жүргізді. Тәуелсіздік - қазақты әлем мойындаған күн. Сондықтан осы сөздің астарындағы терең жүрекпен ұғына жүрейік, елі үшін ерлігін паш етер текті жұртым!