Қазақ КСР-нен – Қазақстан Республикасына дейін (байқау)
блог
Армысың ардақты Алаш арландары мен Қазақ қаракөздері! Қазақстан тарихы пәні бойынша қойған мақсаттарымды аяқтауғға жақындап келемін. Осы орайда cіздерге маңызды тақырыппен бөліскенді жөн көрдім. Тәуелсіздік - ұлттың жарқын өмірінің басталған уақыты. Халқымыздың азаттық алған кезеңін жадымызда сақтай жүрейік!
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)
1990 жылы Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы – кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға болды. 1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар бірінен соң бірі өз егемендігін жариялай бастады. Балтық жағалауындағы Латвия, Литва, Эстония, кейінірек Украина мен Қырғызстан тәуелсіздігін атап өтті. Кеңес Одағының басшылары Балтық бойы елдеріне жаза ретінде экономикалық, саяси қысым көрсетті. 1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды.1990 жылы қазан айында қоғамдық бірлестіктер айрықша белсенділік көрсетті. 25 қазан күні Жоғары Кеңес – “Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылдады. 1991 жылы тамызда Н.Ә.Назарбаев – КОКП ОК Саяси бюросы құрамынан шығатыны мәлімдеді. 1990-1991 жылдары экономикалық шарт, өзара достастық және ынтымақтастық туралы келіссөздер Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Украинамен жасалынды. 1991 жыл аяғына дейін Қазақстан тәуелсіздігін 18 ел таныды. 1991 жылы қазанда ХҮІІІ съезде Қазақстан Лениншіл комсомол ұйымы – Қазақстанның жастар одағы деп аталды. 1991 жылы 19-21 тамызда Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) 19 тамызда құрылды. Осы күні КСРО Президентінің өкілеттілігі КСРО вице-президенті Г:И:Янаевтың қолына көшті. ТЖМК-ның құрылуын Ирак, Қытай қолдады. 1991 жылғы *Тамыз бүлігі* Коммунистік партияның беделін түсірді. ТЖМК 21 тамызда толық жеңіліске жетті. Тамыз бүлігі КСРО-ның күйреу процесін тездетті.1991 жылы 7 қыркүйекте төтенше съезде Компартияны тарату туралы шешім қабылданды. М.С. Горбачев КСРО Президенті қызметінен 25 желтоқсанда босатылды. КСРО –ның өсір сүруін тоқтатқандығы туралы декларация 1991 жылы 26 желтоқсанда жарияланды. КСРО 1922 – 1991 жылдар аралығында өмір сүрді
Егемендігі танылған республикалар одақтық шарт қабылдау мәселесіне 1990 жылы келіп тірелді. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусь, Ресей, Украина мемлекеттерінің басшылары ТМД құрылғанын мәлімдеді. 13 желтоқсанда Ашхабад келісімі жасалды. 21 желтоқсанда 11 республика басшылары мен Грузия бақылаушы ел ретінде қатысты. Бұл басқосуда ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге Белорусь, Ресей, Украина және Қазақстан қол қойды.1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау өтті. Сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлына халықтың 98,7% -ы сенім білдірді. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-і Қасақстан Республикасы деп аталды.
Тәуелсіздік елімізге екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік шовинистік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге тарта күрес жүргізді. Тәуелсіздік - қазақты әлем мойындаған күн. Сондықтан осы сөздің астарындағы терең жүрекпен ұғына жүрейік, елі үшін ерлігін паш етер текті жұртым!