Қазақ еліндегі қасиетті қазына

Қазақ еліндегі қасиетті қазына
жеке
блог
 Тайқазан - Түркістандағы қасиетті ескерткіштердің бірі. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) жасалған. Ол Түркістандағы Қода Ахмет Яссауи кесенесінде орналасқан. Оный диаметрі кемінде екі метр.Салмағы екі тонна. Аңыз бойынша тайқазан жеті метелдың қосындысынан жасалған. Олар:мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір. Тайқазанның сыйымдылығы 3 мың литр. Биіктігі - 1,60 метр.
 Тайқазанның тек көлемі емес, сырт пішіні де көздің жауын алады. Ол тамаша сұлулықтың құпиясын да тарихтың ұлы ғалымдары зерттеген. Олардың айтуы бойынша әр бір өрнекте, әр бір жазуда ерекше бір құпия сақталған. Мысалы, тайқазанның бе тіндегі бірінші жоғарғы бөлігіндегі айналдыра салус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінділер оймышталып, ол пайғамбар (c.ғ.с.) хадистерімен үндесіп отырады. Сонымен қатар, тайқазанның сыртында оның кімге арналып жасалғанын және қай жылы жасалғаны анық жазылған. Тайқазанның екінші қатарында он сегіз рет қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөз де құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді. Енді үшінші қатарда Құдайдың Құдіреті жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22 рет қайталанып берілген.
 Бір шаңырақта қазаны күнде кешке қайнап жатса, сол мекенде тыныштықтың орнағанын, ешқандай соғыс пен ауыртпашылықтың жоқ екенінен хабар беретін болған. Қазаны қайнап тұрған үй берекелі де мерекелі деп есептелген. Бұл түсінік қазірге дейін сақталған. Қазір де қазанды түркі жұртшылығы киелі санайды. Ал бұл тайқазан біз үшін орны бөлек, өшпес тарих, баға жетпес байлық. Кезінде мұндай алып қазанды лауазымды ұлы тұлғалардың қабіріне қоятын болған. Тайқазан қабір иесінің лауазымын, елге құрметті тұлға болғандығынан хабар беріп тұрады деседі. Атақты шығыстанушы М.Массонның еңбектерінде жұма күндері Түркістандағы қазан суға толтырылып, жұма намазынан кейін айналасына адамдар алқа құрып отырып зікір салатыны айтылады. Осы пікір Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтерінде уағыз етіледі. жалпы, бұл тайқазан туралы айтылған әрбір дерек бабамыздың хикметтерінде айтылған деректермен үйлеседі.Қазан сыртындағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның “Тәубе” сүресінің он тоғызыншы аятынан және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның суға арналғандығын аңғаруға болады. Аят: «Сендер, зияратшылардың шөлін қандырғанды, мешіттерді жөндеуді; Аллаға, ахирет күніне сеніп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме?» десе, хадисте «Айтты Пайғамбар (оған Алланың нұры жаусын): Алла жолында құдық қаздырып, мешіт салғандарға ол дүниеде Алла үлкен хауз орнатады» делінген. Адамның қол астындағы иелік етіп жүрген мүлкінің бәрі бір Құдайдікі екендігіне дәлел оның құр алақан келіп, құр алақан кетуі болса керек.
 Тайқазанды 1935 жылы Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халқаралық конференциясына алып кетеді. Тайқазан сол жерде жарты ғасырдан астам уақыт тұрады. Тек 1989 жылы , қыркүйек айының он сегізінші жұлдызында ғана өз еліне қайтарылады. Тайқазанды тарихи отанына қайтару үшін көптеген ұлтжанды азаматтар жұмыс жасады және сол қажырлы еңбек пен ақылдың арқасында тарихи құндылығымыз өз елін қайтарылды. Осы кезеңге дейін елімізде сақталған қасиетті ескерткішімізді өзге елдің қолына тапсыру үлкен қателік болар еді.
 Тайқазан - түркі халықтары үшін бірліктің, ізгіліктің нышаны болған. Тайқазан әлемдегі қайталанбас өнер туындысы. Тайқазан- ырыс пен ынтымақ нышаны. Тайқазан- тоқшылық пен молшылықтың белгісі. Осындай қасиетті ескерткіштің біздң елімізде болуы біз үшін үлкен мәртебе. Қолда бар қазынамызды бағалайық, қастерлейік!