Қазақ деген халық бар бұл əлемде

Қазақ деген халық бар бұл əлемде
жеке
блог

Қазақ дейтін ұлы ұлтымды мақтан тұтамын. Біз батыр бабалар ұрпағымыз. Халқымның осындай даралығын көріп, шабытым оянды. Қазағым туралы өлең шумақтарын еліме тарту еткім келеді.

Көркем есім, жайдары, жайлы халық, 
Күннен-күнге келеді өсіп, дамып, 
Көгінде күлген күні, ашық аспан,
Қалған ғой қонақжайлық тағы дарып. 

Ер халық, сөздерінде нық тұратын, 
Отан десе, орнынан тік тұратын. 
Қазақ деген атаудың өзі бізге
Батылдық пен татулықты ұқтыратын.

Алты алаш – бақыт болып қонған басқа, 
Ер жастар бар соғылған тауға, тасқа, 
Мейірі төгілетін нұр көзінен, 
Қамқор, қорған болатын кəрі-жасқа. 

Қазақ деген қайсар халық тайсалмайтын, 
Жауынан жеңіссіз еш қайта алмайтын, 
Қас қылғанға қиып түсер қылыш болып, 
Дос қылғанға құшақ жая, қайтармайтын.