Қайран тілім қайда барасың... (байқау)

Тіл ғасырлық қазына !Тілдің қастерлеп күзетер шырақшысы -халық.Сонау ата-бабаларымыздан аманатқа  қалған қастерлі ,қасиетті тіліміздің абыройын түсіру,шұбарлау ,аманатқа жасалған қиянат іспетті.Қәзіргі таңда қай қазақты алсақта( көбісі )таза қазақша сөйлеуден ұялып ,өз ана тілін менсінбей шет тілінде екі-үш ауыз сөздің басын біріктіріп айтқандығына масайрап ,соны өзіне мәртебе көретіндей көрінеді.Осы тұста Қадыр Мырза Әлі ағамыздың мына бір өлең шумағы еріксіз еске түседі.

Ана тілің арың бұл .

Ұятың боп тұр бетте, 

 Өзге тілдің бәрін біл. 

Өз тіліңді құрметте,-деп ұғатын адамға ұлы ой тастап тұрғандай.Жүрегім сәби ,көңілім тұңғиық жас жеткіншек болсам да елімнің ертеңі ұлтымның болашағы ойлантып,кемшіл тұстарына қынжыламын.

Осындай тұстарда қоғамға оқушы емес журналист ретінде араласып ,өткір тілім арқылы талқандап өткім келеді .Бірақ әттең ....мен оқушымын.Бірде студенттер мен оқушылардың қатысуымен "Әскери -спорттық ,әскери-іздестіру,әскери-патриоттық "атты кездесуге қатысқан болатынмын .Шыны керек,мен бұл кездесуден өзіме керек мағұлмат аламын ,патриоттықтан жұрдай боп бара жатқан замандастарыма ой саларлықтай ,намысын оятатындықтай болады деп барғанмын.Дегенмен бәрі керісінше патриоттар кездесуінде тілімізді барымызша қорладық.Кездесуді ұйымдастырған ,жүргізген патриот ағамыз ,ел ағасы ,орта жастағы ересек кісі ,есі жоқ десек білдей беделі бардай көрінеді.Жасаған ісі ақылға қонымсыз патриоттар кездесуінде ,патриоттарды іздеп келгендерін ұмытқандай ,әу дегеннен орысша бастап орысша аяқтады.Менің түсінбегенім ,Әскери-патриоттық кездесуде неге рәміздерді көре алмадым,неге сөз арасында ауыз екі қолданыстағы биресми сөздер қолданылды.Бұндай санасыз ағамыздың ақылға қонымсыз қылығын ,елі үшін еміренетін әр жас буын байқап қандай ой түйгендігін анықтап айтудың өзі қиынға түсері хақ.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ел басқарған ағаларымыздың ел деп еміренудің орнына ,қаражат кетті деп кежірінетінін  көргенде ,солар үшін Отанымның ,халқымның алдында еріксіз ұялатынымды қайтерсің.

Қастерлі қазағым,қазақ бауырым .Ащы болса да ақиқат қала тұрмақ ауылда да Еуропаға еліктейміз деп салт-дәстүрімізді біртіндеп шетке ығыстырып келеміз ең болмағанда туған ана сүтіндей қастерлі ана тілімізді таза ,пәк күйінде лайламай ұстауға аи салысайық.Ата бабаларымыз "Жаяудың шаңы шықпас ,Жалғыздың үні шықпас "деп бекер айтпаса керек.Біріміздің айтқан тіліміздің қәзіргі хәлі ешкімге әсер етпейді,ал бәріміз бір қолдан жең,бір жағадан бас  шығара жұмылсақ тіліміздің болашағы жарқын ,келешегі кемел боларына сенімдімін.



Бөлісу: