Картоп пісірмесі (байқау)

Картоп пісірмесі (байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, массагет оқырмандары! Осы аптада мен дайындалуы қарапайым, бірақ өте дәмді картоп пісірмесін дайындауды үйрендім.

 Ол үшін:

  • -300 гр тартылған ет (фарш);
  • -1 пияз;
  • -2 сәбіз;
  • -1 болгар бұрышы
  • -200 гр орамжапырақ;
  • -1 жұмыртқа;
  • -50 гр қаймақ, сары май;
  • -тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер. 

 1.Картопты ашып, жуып, майдалап тураймыз. Оны қайнап тұрған суға салып, пісіреміз. Дәмін шығару үшін тұз қосамыз.

2. Пиязды  майдалап тураймыз.

3. Тартылған етті қызған майға қуырамыз.

4.Сәбіз бен болгар бұрышын жұқалап тураймыз.

5.Пиязды, одан кейін сәбіз бен болгар бұрышын қуырамыз.

6. Орамжапырақты турап, оны да қуырып аламыз.

7.Піскен картопқа май мен қаймақ, тұз бен бұрыш қосып, картоп езбесін жасаймыз.

8. Ыдысқа ет салмасын және қуырылған көкөністерімізді саламыз.

9. Үстінен картоп езбесін біртекті жаямыз.

10. Пісірменің үстіне бір жұмыртқаны араластырып, құямыз.

11. Асымызды пісіру пешінде 30-35 минут 180 градуста пісіреміз.

Міне картоп пісірмесі де дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын!