Сәлем Массагеттік достарым! Мен алдыңғы аптада ежелгі Қазақстан тарихын бастағанымды айтқан болатынмын. Осы аптада 6 сынып бағдарламасын толықтай бітірдім.
2 және 3-інші кезеңі Қазақстан жеріндегі қола дәуірі және тайпалар бірлестігі мен ежелгі мемлекеттер. Бұл кезеңнің ерекшелігі - Андронов мәдениеті, қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дэуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралыгын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Еуразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті — ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бүл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жэне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең — Андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор аумаққа тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) — б.з.б. XVIII—XVI гг.;
Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) — б.з.б. XV—XIII гг.;
Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) — б.з.б. XII—VIII гг.
Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7 – 4 ғасырлар) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі бақташы тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Бұлардың қалыптасуына өндіргіш күштердің сол заманға сай дәрежеде мықтап өсуі себепші болды, ал өндіргіш күштер халықтың жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығына көшуіне, қола металлургиясының дамуына, темір өңдеудің жаңа әдістерін игеруге байланысты өсті.
Мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, оларды жеке ру-тайпалық топтарға бөліп берудің экономикалық қажеттігі, сондай-ақ өзінің малы мен жайылымдықтарын қорғауға ұмтылу туыстас тайпаларды тайпалық одақтарға бірігуге мәжбүр етті. Жеке отбасылық меншіктің ұлғаюы негізінде мүліктік теңсіздік күшейіп, әскери ақсүйектер тобы бөлініп шықты. Олар экономикалық және әскери жағынан неғұрлым күшті тайпалық одақтарды біріктіруші күш болды. Біртұтас одаққа кірген тайпалар мәдени-шаруашылық жағынан өзара жақындаса түсті, соның нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің бүкіл тайпалық одақ үшін ортақ үлгілері жасалды.
Қазақстан жеріндегі тайпаларға: сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, сарматтар кірді. Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дәуірінің өзіндік мәдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында таралып, белгілі бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз. Осы дәуірде аридтық табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз әсерін тигізді.
Осымен 6 сыныпты қайталауды аяқтадым.Әдеттегідей хронологиялық кесте,тірек сызба жасадым. Сонымен қатар сынақ кітапшаларын орындадым. Нәтежиесі жақсы.