Кәдiмгi қазақтардың дауысы.

Әңгiме болсын. Былтыр жазда Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионаты жадыңызда шығар?! Әсiресе, Пеленiң отандастары мен Бразилияға тiлекшi жаһан жанкүйерлерiнiң көз жасын көл қылған Белу-Оризонтидағы трагедиямен тәмамдалған Бразилия-Германия матчы ше?! Айтайын дегенiм ол емес. 08.07.2014. Қарақұрым халық. "Оле, оле" деп өңештерi жыртыла әндеткен жанкүйерлер. Бiр-бiрiмен португалша, немiсше жыртыңдасқан жұрт. Кiсi қарасы қалыңдағасын ауа да тарылып, бишара мұрнымның өмiрi иiскемеген "өзге құрлықтық" иiстерден бiтелгенi бар.)) Ол аздай бразилиялық қыздарың бұлғаңдатқан бөкселерiмен бiр қағып өткенде сасқаныңнан аспанға қарайды екенсiң.)) Айтайын дегенiм бұл да емес. Жаншыла жаздап, "Минейрао" стадионына әзер кiрдiм. Кiм санады дейсiң, сол стадионда ресмиi-бейресмиi бар 58 мың 140, менi қосқанда 58 мың 141 адам болыппыз. Бiр кезде қос ел футболшылары алаңға шықты. Тер шығарып, секiре бастады. Сыраға тойған қасымдағылар кекiре бастады. Әнұранға да кезек келдi. Стадионды көзiммен айналдыра шолып шықтым, адам деген бықи. Қалай дегенмен, жартылай финал, тарихи матч қой. Бiр кезде жан-жағыма қараймын, тура сол қапталымда екi орын бос тұр. "-Апырай-ә, мынадай маңызды ойынға да билет қалады екен-ау" деп қоям, "я болмаса мына екеудiң естерi дұрыс емес." Стадион бүкiл Бразилия қосыла шырқаған әнұраннан теңселiп тұр. "-Е, мына жарымдар қайда жүр, әлде билеттерiн жоғалтып алды ма екен" деп танымайтын көршiлерiм үшiн шын алаңдай бастадым. Әнұрандар шырқалып бiттi. "-Шамасы мына шетелдiктер бiр жерде мас боп ұйықтап қалған шығар". Төрешi ысқырды, жанкүйерлер қышқырды. Ойын басталды. О Алла! Сенейiн бе, сенбейiн бе? Бiр кезде тура сол қапталдан "бiздiң орнымыз қайда, билеттi қараш" деген дауыстар шықты. Кәдiмгi қазақтардың дауысы. Жалт қарадым, ырғалып-жырғалып екi қазақ мен жаққа беттеп келе жатыр. Бiр апта қазақ көрмеген мен байғұс "хайуанаттар бағында" жүргендей аңтарылдым да қалдым. Сөйтсем, өзiмiздiң қазақтар, өзiмiздiң Ерлан Бекхожин дейтiн асыл ағамыз екен досымен жүрген. "Иелерiн" күтiп қалған орындықтарына келiп жайғасты. Айтқым келгенi, бiздiң қазақ шетелде де кешiгiп жүредi екен ғой.))) Кешiкпейiкшi! Әйтпесе, жәмән ойлап қалады екенсiң.))) 

Мейіржан Әлібекұлы



Бөлісу: