Қабдолов қандай жазушы?
блог
Зейнолла десе өзіміздің жергілікті ақынымыз Зейнолла Шүкіров ойға оралатын. Қабдолов Зейнолла маған таңсық есім еді.Қолыма іліккен кітаптың атауының өзі қызықтырып қойды. «Ұшқын». Бұл ненің ұшқыны екен?Сезім,махаббат шығар сол баяғы...
Жоқ.Ешқандай махаббатқа қатысы жоқ.Бұл әділеттілік жолындағы күрес.Қарапайым студенттің мақсатына қалай жеткендігі туралы. Романның мазмұнын,жазушының өмір жолын айтып отырмаймын.Оны өз еншіңізге қалдырдым.
Қабдолов - өмірді жазған.Ақиқатты ашық көрсеткен. Романдағы «алтын көріп жолдан тайғандарға» бір тіс қайрап алсам, Қабен үшін аласапыран күй кештім. Оңай жолмен ғалым бола салуға болатын еді ғой. Ол бұл жолды таңдамады. Ар ұяты бар емес пе. Дос-жараны,таныстары теріс айналған уақыттағы сәті...Бұл өмірде болуы мүмкін ғой деп ойладым ішімнен.Десек те ол мақсатына жетті.Басын бәйгеге тіксе де,арманын орындады.Оқиғаның нүктесі сәтті қойылған.
Қарапайым тілмен жазылған роман оқырман жүрегіне жол табады деген ойдамын. Қазақ прозасында шегініспен алғашқы болып жазған З.Қабдолов,Т.Ахтанов.4 шегініс,5 бөлімнен тұрады.
«Ұшқынның» жалғасы ретінде «Жалын» романы жалғасын тапқан. Екі романда бірі студенттік шақ болса,енді бірі есейген,нағыз маман болғандағы кейіпкерлер.
Екі романды да соңында қысқа әрі нақты етіп драма жазған. Драмада кейіпкерлер есімі өзгертіліп,сәл өзгеріске ұшыраған. Егер мақсатқа жетудің жолын білгіңіз келсе,осы шығарманы оқып шығыңыздар!