Менің алға қойған мақсатым- журналист болу еді. Ол үшін мен әрине бірінші кезекте кітап оқып жүрмін. Жаңалықтар тыңдап сөздік қорымды көбейтіп жүрмін. Университеттердіде қазірден бастап қарай отырамын. Мен осы жолы сіздерге өзімнің "Журналиссттік зерттеуімді" көрсетпекпін. Олай болса асықпай, түсініп оқыңыздар.
"Журналиссттік зерттеу"
"Жол апаттары."
Өтінем, ерінбей оқып шығыңыз өзіңізге қажет.!!!
Қарашаның үшінші жексенбісі - жол апатынан қаза тапқандарды еске алу күні. Қазақстанда 2012 жылдың басынан бері екі жарым мыңдай адам жол апатынан көз жұмған. Қазiргi таңда кез келген көлiк қауiп көзi. Темiр жол апаттарының негзгi себептерiне жолдың қозғалмалы құрамының ақауы, диспечерлердiң қателiгi, машинисттердiң жауапкершiлiксiздiгi.Соңғы кезде елімізде жол апаттары жиі орын алуда. Оны тіпті теледидардан, жаңалықтардан көп естіп жүрміз. Күнде Алматы қаласының өзінде, ең кемінде 3-4 жол апаттары орын алуда.2001-2007 жылдары автомобиль паркінің жедел артуы жол-көлік оқиғаларын да өсіріп жіберген. Осы алты жылдың бедерінде көлік апаты 31 пайызға артып (12,1 мыңнан 15,9 мыңға дейін), қаза тапқандар қатары екі еселенген.Бұл мәселе былтыр Үкімет отырысында Премьер-Министрдің арнайы қарауына бірнеше мәрте жіберіліп, екі жыл бұрын Мемлекет басшысының жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қаралғаны да жайдан-жай болмаса керек. Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткішке көз жүгіртсек, елімізде 2058 көлік апаты тіркеліпті. Қайғылы оқиғаның салдарынан 398 адам қаза тауып, 2389-ы жарақат алған. Бұның өзі жол апатының көбейіп бара жатқанының көрсеткіші.Осындай жағымсыз жол апаттарының басты себептеріне келетін болсақ, мынандай тізім шығып тұр.
Көлікті ішімдік сияқты заттар қолданып, айдау.
Көлік айдау кезінде телефонмен сөйлесу.
Көлікті асығып айдау.
Ашуланып барып, көлік айдау.
Жол ережесін білмеу.
Осындай жағдайда көлікке отырудан сақ болыңыз!!!
Адамды өлімнен аман алып қалу үшін әр жолаушы, жүргінші алғашқы көмек көрсетуді білу керек.Дұрыс көрсетілген бірінші көмек зардап шеккенің өмірін сақтауында жиі шешімді кезең болып табылады.Әр бір адам өз мүмкіндігі және қабілеттігі шегі бойынша бірінші медициналық көмек көрсете білуі қажет.