Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын. Абай

Сәлем "Массагеттіктер"!

Бұл біздердің жарыстың соңындағы соңғы блогтарымыз бірі саналатыны сөзсіз ғой. Сол себепті сіздерге өзіме берілген тапсырма бойынша өз шығарған блогтарымды қорыта отырып және сіздерге тағы да сапалы кеңестер ұсынбақпын!

1. "ҰБТ-мен қосып жүргізе алатын маңызды істер"

    Мен бұл жайында өзге түлектерден сұрап, жаза алмасамда, өзімнің көзбен көрген жағдаяттарымды жазсам. Мен өзімнің 3 ай демалысымда үздіксіз математика сабағына қатысумен келемін. Менің дайындықпен қоса алып жүрген ең маңызды ісім- "Массагет" ұсынған байқауға қатысуым болды. Мен көп нәрсені жадыма сақтадым. Сонымен қатар "Талпынған жетер мұратқа!" демекші өзім осы демалысымда араб жазушыларының "Мың бір түн" кітабін аяқтаймын деген едім! Бұл менің тағы да бір маңызды ісім болды.

Естеріңізге сала кетейін, бұл кішкентай ғана мысалдар. Ал мен сіздерге ҰБТ болмаса да,  ең қиын жағдайда да өзінің ақылын жақсы пайдаланған бір жайтты айтып өтсем. Александр Македонский? Бұл кісінін білмейтін жан жоқ. Егер ол кісінің қасиетін білсеңіз, бұны оқып жатудың да керегі жоқ. Ол кісі өзінің қол астындағы сарбаздарының бәрінің атын білген. Ол туралы мен үлкендерден естіген әңгімемді баяндап өтсем: " Бір күні Александрдың өзімен қатар жылқы баптаушысы болады. Ол көбіне арақ ішумен күнін өткізіпті-міс. Оған Александр күнде адам жіберіп арағын доғаруды бұйыртады. Бірақ ол ішкілігін тоқтатпайды. Сол жылқы бағатын күнделікті ісіне басып,ішіп отырған кезінде оған патша келіп: "я сен ішуіңді қоясың, болмаса бұл елден көзіңді құртасың. Александр деген атты қорлап жүрсің!" деп айтып кетеді.

Бұл әңгіме арқылы сіздерге нені жеткізгім келді: Әр адам бір істі шынымен қаласа-оған уақыт табады! Мейлі ол студент болсын, мейлі бастық, мейлі министр, мейлі ҰБТ тапсыратын жас түлек болса да

2. "ҰБТ-ға дайындалуға уақыт жетпейді!"

Бұл көптеген түлектердің аузынан табылатын сөз. Ал олардың өзі білдіме екен уақыттың оларды қалай жеп жатқанын?

Айтыңызшы егер сізге ҰБТ-ға жақсылап дайындалған әр сағатыңа 2000 тг берем десе, сөз жоқ қазір ақ дайындалып кетесіз. Ал сіз білесіз бе, егер қазірден бастап жақсылап дайындалсаңыз... Жақсы жұмысқа тұрып,сағатына 2000 алатыныңызды. Сол үшін әр дайындалған сайын, мен 2000 тг сағатына алып жатырмын деп ойлаңыз! 

Өзіңізге бір реттілікте кесте толтырып алыңыз. Күніне 2 сабақтан, ұйқы уақытын,тамақ уақытын реттеп алыңыз! Ал Жексенбі күні өзіңізге демалыс жариялаңыз! 

Сіздерге пайдасы тиер деген ойдамын!



Бөлісу: