Жұлдызым менің жоғары

Жұлдызым менің жоғары
жеке
блог

                                          Жұлдызым менің жоғары

Жұлдыздар тұр ед аспанда маған жымыңдап,

Күндерде өтіп келеді міне зырылдап.

Құстардай ұштым жетпедім бірақ жұлдызға

Шегіртке болдым, секірдім міне шырылдап.

 

Аспанға қарап қол бұлғап тұрмын бүгінде,

Өмірің неткен ғажап-ақ деймін түңілме.

Ауаның өзін жұтып-ақ жүрген кездерің

Бақытты сыйлар бір өзіңе де түбінде.

 

Өсіппін, тұрмын, сайын да анау тастың да,

Жұлдыздар куә, әлдимін әлде жаспын ба?

Па шіркін, өмір келешек арман осындай

Арманым биік қалықтап ұштым астында.

 

Самғаймын әлі қыран боп мен де аспанда,

Достарым сен де арманда әлі жасқанба.

Мойыма, қуан, барыңа шүкір ет ылғи

Болашағыңды нық сенімменен тұспалда.

 

Көріңдер міне, жұлдызым менің жоғары,

Күте тұрыңдар, жолдар бар жетер көп әлі.

Бір-бір баспалдақ айына бір рет бассақ та,

Уақыт өткен соң бәрі де анық болады.