Жүлделі орын

    Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт қабырғасында "Parasat" дебат клубының ұйымдастыруымен таяу да Республикалық “Жеті Жарғы” іріктеу турнирі өткен болатын.
    Жарысқа қаладағы 16 командадан 32 спикер қатысып бақ сынасты. Олар өздеріне берілген қарарлар (тақырыптар) бойынша жақсы ойын көрсеткен еді.
     Сайыс нәтижесі бойынша аталған оқу орын кафедрасының 1-курс студенті Ыбырай Сабыржан командалық есепте жүлделі 3 орынға ие болды. Іріктеу турнирі жайлы өз ойымен бөліскен болатын:
     — Сайыс тартысқа толы өтті. Әр команда өздеріне сай ерекше ойын көрсетті. Ішінде сен тұр, мен атайын дегендері басым. Дегенмен бағымыз жанып жүлделі орынға ие болдық. Әрине, бұл жеңістің басы яки соңы емес. Жеңісті һәм жемісті күндеріміз әлі алда, — дейді "Parasat" дебаттық клубының мүшесі.
     Сонымен қатар студенттер арасында Атырау қаласында өтетін Республикалық “Жеті Жарғы” турниріне Ыбырай Қостанай қаласының намысын қорғауға аттанбақшы. Жас өренген сәттілік тілеп, дебат ойынынан айшықты ойын көрсетіп, қала намысын қорғай берсін дейміз!

 

Бибіт НҰРМҰХАНОВ



Бөлісу: