Жуль Верн Иллюстрациясы «Құпия Арал» (байқау)
блог
Сәлеметсіздерме!!!
Бұл менің үшінші блогым! Бұл блогта мен өзімнің оқып жүрген кітабым жайлы айтатын боламын! Бұл Жюль Верннің «Құпия Аралы» атты иллиюстрациясы. Алдымен жалпы кейіпкерлерді сипаттай кетейін
1) Сайрес Смит - инженер. Массачусетс штатының тумасы. Алғашында темір жолда жұмыс істеп, поездар мен әуе шарларын зерттеген. Жоғары білімді. Сонымен қатар, сенімді досы болатын иті бар.
2) Наб - Сайрес Смиттің құлы. Қараторы келген бұл жігіттің шын есімі «Навуходоносор». Смит оның жанұясын бағып алған. Ал Наб оған ризашылығын білдіріп мәңгі құлы болатынын айтқан.
3) Теңізші Пенкроф - бала кезінде Ричмондқа тұтқынға түседі. Содан соң балық аулап «Теңізші» атына ие болады.
4) Гедеон Спилет - журналист. Соғыс жайлы материал жинап жүрген кезінде оны ұстап алып тыңшы атын беріп, Ричмондқа тұтқындайды.
5) Герберт - жас бала. Ричмонд қаласының тумасы.
Жалпы бұл кітап 3 бөлім, 62 тараудан тұрады. Дәл қазір 20 күн ішінде 15 тарауды бітірдім.
Алғашында Сайрес Смит Ричмонд қаласына тұтқынға түседі. Бұл жерге оны құтқарамақшы болып оның Наб есімді құлы келеді. Олар барынша аталған абақтыдан жерден қашқысы келеді. Бірақ межеленген жоспар іске аспайды!
Күндердің күнінде Смит Пенкроф есімді теңізшіні жолықтырып қалады. Пенкроф оған «ӘУЕ ШАРЫМЕН ҰШУ» жоспарын ұсынады. Қатты дауылға байланысты ұша алмай тұрған әуе шарын ұрлап кеткен олар, Америка Құрама Штаттарының батыс жағалауынан Тынық мұхитына қарай ұшады. Шарда Смит, Спилет, Пенкроф, Герберт, Наб және Смиттің иті болады. Олар 1865 жылдың 18 наурызында ұшып, 24 наурызда аралға қонады. Олар биіктік жинау үшін барлық жинаған тамақтарын, киімдерін тастайды. 24 наурыздың шамамен кешкі сағат 19:00-де Смиттің иті үре бастайды. Сол кезде Пенкроф алысқа қараса бір жерді көреді. Орнынан тұрып:
- Жер! Жер! - деп айқай салады.
Олар Аралға құлайды. Бірақ экипаж толық болмайды. Ол жерде Сайрес Смит және оның иті жоқ. Таң ата Наб және Гедеон Смитті іздеуге кетеді. Ал теңізші мен жас бала қоныс іздеп кетеді. Пенкроф теңізші болғандықтан бұл аймақтың бәрін тез меңгеріп алады. Шамамен 100 миль журген олар қатты шаршайды. Соған байланысты Пенкроф біраз демалуды ұсынады. Бірақ онша шаршамаған жас бала одан әрі айналаны зерттей бастайды. Сөйтіп жүргенде тастар құлап, үңгір тәріздес жерді көреді. Пенкрофқа жүгіріп барып көргені жайында айтады. Пенкроф барып қараса ол үңгірдің тесіктері көп екен. Сосын оның барлығын балшықпен жауып шығады. Одан кейін, Гербертпен барып тамақ алып келеді. Тамақ дейтіндей ештеңе емес. Тек қана малюскалар.
Осы оқыған 15 тараудан қысқаша түсінігім. Шытырман оқиғаның жалғасын келесі аптада жариялайтын блогымнан күтіңіздер!