Жуан бұрымы жеңді білектей, қос бұрымы тау басынан құлаған бұлақтай(байқау)
блог
Бұрым — әйелдердің өрілген ұзын шашы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында өрілген ұзын бұрым сұлулықтың сәні саналған. Оған шашбау тағып, айырықша күтімге алған. Бұрым жалғыз және қос өрім болады. Шашты қырқып кеспей, тобығына дейін жеткізе өсіру — бойжеткеннің сымбатын асыратын сәні болған. Шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай бұрым да үлкен және кіші болып келеді. Жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп, ерекше мадақтаған. Бұрым өсіруге қыздар жас кезінен айырықша көңіл бөлген. Шешесі, жеңгесі немесе құрбы қыздары өруге көмектесткен. Сол өрімге маржан, күміс шашбаутағып безендірген. Қазақ қыздарының сәні-бұрымы. Қыздар шаштарын бұрым етіп өріп,әдемі болып жүреді. Осы жолы мен де шашымды бұрым етіп өрдім.