Жуалының жанға шипа өсімдіктері жайлы не білеміз? (арнайы тапсырма)

Сәлем достар! Алдыңғы блогымдағы өсімдіктердің пайдасы жайлы осы блогымнан оқи аласыздар.

1.Бәйшешекті дәрілік үшін сәуір айының онына дейін гүлі мен тамыры қатар алынып кептіріледі, ұнтақталады. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты кг балға қосып араластырады. Дәрі даяр. Мұны ақ қан ауруына ұшыраған адамға күніне бір шай қасық 3 рет, қашан сырқат жағдайы жақсарғанша ішкізеді.

2.Шайқурай – дәрі жасау үшін шайқурайдың гүлін, ұрығын, жапырағын және тамырын алады. Гүлін жеке кептіріп, ұнтақтап, сол ұнтақтың 50 грамын жарты литр қайнаған суға демдеп күніне 100 грамнан 3 рет 15 күн ішсе, бастың сақинасын жазып, бастың сынып ауырғанын тоқтатады.

3.Шырмауық – халық медицинасында дәрі жасауға шырмауықтың сарысын көп қолданады. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінің кептірілген ұнтағынан 100 грамм алып жарты кг сары майға араластырып күніне бір ас қасығын 3 рет бір стақаннан қайнаған сүтпен 2 ай ішсе, өкпені тазалап қақырықты кетіреді.

Достар уақыттың тығыздығынан осы үш өсімдіктің пайдасын жазып үлгердім, мәтінде қателіктер болса кешірім сұраймын!  



Бөлісу: