Жолың жақсы болса, көлігің тыныш, көңілің жай. Ал жаман болса ше?
жеке
блог
блог
Жолың жақсы болса, көлігің тыныш, көңілің жай.
Бұл мәтел қазіргі көлік жолына арналғандай. "О, жол салыпты" деп қуанудың қазір мәні де жоқ. Бүгін жол салса, ертең ол жол шұрқ тесік болып тұрады. Көлікпен жүргенде тесіктерден қашып отырасың, тура ойындағыдай. "Бәлен мың ақша бөлінді,Қатырып жол салдық" дейді.Жолы жол емес, сонда бөлінген ақшалары қайда кетіп жатыр өзі. Әрине, әдеттегідей жолға жеткенше жол бойы желініп, желініп түк қалмай екі-үш тиын келеді. Оған не жарыған материал тиет дейсің. Немесе желінбей ақша келсе оған тәп-тәуір материал алады. Сол жол салатындар материалын бір-бірлеп біртіндеп бір-бірінен тығып арзан бағаға сатады. Қалған материалын бетіне жұқа ғылып жаға салады. Міне, сапасыз жолдар осыдан шығады. Ал енді осы жолды жөндегенде қалай болады??? Көрінетін
жолды әп-әдемі қылып қояды. Ал басқа жолдарды жамап-жамап қоя салады. Міне...
Мен жолды неге мәселе деп тұрмын??
Себебі:
1. Сапасыз жолдың кесірінен қаншама жол апаттары орын алуда...
2. Жол жаман болса, алыс-жақын туысқаныңада, дос-жараныңада бара алмайсың. Соның кесірінен туыстық, достық қарым-қатынастар күннен күнге суып, адамдар мейрімсіз тасжүректерге айналып бара жатыр.
3.Жол жаман болса, тіпті темір тұлпарыңныңда быт-шыты шығары, бәріне мәлім...
Жол жайлы жолаушылардан сұрап көрейік.
Асем Жолдасова:
Қазірде жол мәселесі әліде жалғасуда. Қазақстан дамып әлем елдерімен иық тіресіп жатқанымен кейбір елдімекендердің жолдары көңіл қуантарлық емес.Осы жолдардың ойыс болуынан жол апаты да орын алып жатады. Алдағы уақытта мұның барлығы жойылады деген ойдамын.
Осындай жолдардан қалай құтылуға болады???
Ол үшін бөлінетін ақшаны, жасайтын адамдарды адал да, әділ бастық қадағалау керек. Қытайдағыдай жазаны күшейту керек. Заңымыз қатал болса, халқымызда түзелер, мүмкін.