ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
блог
атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау үшін Созақ аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінінің сектор меңгерушісі А.Алтыбай кездесу өткізді. Жолдау аясында атқарылатын жұмыстар мен Президент сайлауының маңыздылығы жөнінде атап өтті. Сондай-ақ, еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты мен саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігі айтылды.
Жолдауда атап өтілгендей, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, халыққа арнаған үндеуінде бетбұрыс кезең «елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін» атап көрсетті. Президент сондай-ақ, сайлаудың қатаң түрде заңға сәйкес өтетінін айтып, барша халықты азаматтық жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпті қатаң ұстануға шақырды.