ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
блог
Бағыс елді мекеніндегі партияның "Өзгерістер жолы: Әрбір азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының жұмысына талдау жасады. Ғ.Муратбаев атындағы жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысы 2021 жылдың қыркүйек айынан басталды. 2022 жылдың желтоқсан айына мектептің құрылысын толығымен аяқтап тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 70% орындалып отыр. Құрылыс нысаны "AMANAT" партиясының бақылауында. Мектептің құрылысына партиялық бақылау бекеті қойылған. Ғимараттың құрылысына жауапты «A.S. Investroi» ЖШС мердігер мекемесінің жауапты мамандарының мәлімдеуінше қажетті материалдармен қамтылған. Комиссия мүшелері бақылау жұмыстары барысында құрылыстың уақытылы аяқталуы мен сапасына қатысты бірнеше ұсыныстарын білдірді.