Жетістік желкені (Байқауға)

Жетістік желкені (Байқауға)
жеке
блог

         Күндер жылжып өткен сайын мақсатымызға бір табан жақындай түсудеміз. Ойға алғанымыз орындалып, көңіліміз олжалы болғаны- массагеттің арқасы. «Мен алдағы екі айда өзіме мынаны мақсат еттім...» деп, алғашқы блогтарымыздың бірін жазған едік, бүгінгі таңда нәтижесі көзбен көріп, көңіл қуантарлықтай болды.

      Жоспарларымның алғашқысы: темір тұлпарды тізгіндеп үйрену. Байқаудың екінші аптасында-ақ бой үйретіп алғанмын, қазір әкем үйде болған күндері көшелерді айналып келіп жүрмін. Автоматты құрылғы оңай ғой, мектеп жанынан құрылған курста механикалық көлік құралын жүргіземіз. Қыркүйеккке дейін оны да байқап көруім керек. Жол ережелерінен де кенде емеспін. Қорытынды блогымда жан-жақты тесттен өтіп, нәтижесін саламын.

      Екінші мақсат: ҰБТға дайындық. Әдебиет пәнінің 5-8 сыныптағы материалдарын қайталап, тыңғылықты еске сақтап шықтым. Тестпен жұмыс жасадым, сұрақ-жауаптарды жаттадым. Естеріңізде болса, өткен блогтарымның бірінде тест жаттаудың оңай жолын жазған едім. Сол әдістерді пайдаланып жүрмін. Нәтижесі ҰБТ да белгілі болады.)

     Жақында сүйінші сұрап, жақсы жаңалығымды жеткіземін. Байқаудан тыс қойылған мақсаттарым да орындалып жатыр, шүкір!

      Үш. Үшіншіден, қолөнер бұйымдарын жасап үйренемін деген едім. Бұл мақсатымның орындалуы да өз жемісін беріп жатыр. Міне, назарларыңызға ұсынамын.

 

                Оқырман, ал сіз, мақсатыңызға қалай жеттіңіз?!