1. Кіре бергенім сол еді, «шап» етіп мені кішкентай жәндік қылғындыра бастады. Демім жетпей, қиналып, ұзақ уақыт бойы жәндікпен арпалыстым. Соңынан есімді ауруханада жинадым. Менен ала алмаған өші бардай, саутамтығымды қалдырмапты.
2. Пәтерімнің есігін итеріп ішке кірдім. Мүлгіген тыныштық. Ешкімнің үні шықпайды, бірақ әлдекімнің тыныс алған дыбысы сезіледі. Жүрегім аузыма тығыла, дүрсілдей соқты. Бір кезде жалт бұрылып артыма қарасам, қорқынышты фильм кейіпкері Джокер маған қарап тұр. Түрінің өзі адамды о дүниеге аттандырады екен. Дірілдеп тұрып, Джокерден:
– Сізге не керек?– деп сұрадым.
– Үйімнің кілтін сенің үйіңе ұмытып кеткен секілдімін. Кілтімді табуға көмектесші.
3. Қорқыныш сезімімен табалдырықты аттап, төрге ендім. Не істерімді білмей, айналаға жалтақтай қараумен болдым. Бір кезде денеме біреудің артқы жақтан қолы тиіп тұрғанын сездім. Төбемнен салқын су құйып жібергендей, мұз болып қатып қалдым. Аяқ-қолымды сезбей, құдды ескерткіш секілді тұрмын. Сол сәтте құрбымның «Туған күніңмен» деп құттықтап жатқанын естіп, есімді жинадым. Артыма бұрылып қарасам, құрбым жылан әкеліпті. Мен оны шын деп ойлап, сол жерде талып қалдым. Есімді жинап, айналама қарадым. Достарымның бәрі тәтті-пәтті тағамдарын үстелге орналастырып, мерекелік атмосфера жасапты. Өздері мені мазақ қылуға дайын тұрғандай, жер-жерден болған оқиғаны айтып, мені әдбен ұялтты.
4. Үйге кірдім. Төрге беттеп, барлық бөлмені қарап шықтым . Тек ас үйді қарамадым. Есімді жинап отырғалы жатқанымда, ас үйден дауыстар шықты. Жүрегім селк ете түсті. Қорқыныш сезімімен барып қарасам, үстел үстінде 3 қария отыр. Ол кісілер: Сәттілік, Жеңіс, Бақыт екен. Дәмді тағамдар әзірлеп, қонақ еттім. Әңгімелерін тыңдап, баталарын алдым. Өздері жәй жүрмей маған және менің тобыма бақыт, сәттілік және жеңіс тілей келіпті. Бұйырса арман-тілектеріміз орындалып, әпкеміздің үмітін ақтайтынымызды айтып мені марқайтып тастады.