Геннадий Головкин мен Димаш Құдайбергенов бүгінде атақтары қазақ елінің абыройын асқақтатып әлемге танытып жүрген, өз салаларының хас шеберлері.
Талай жеңілмейтін барысты жеңген қазағымызың жеңілмейтін арыстаны-Геннадий Головкин Қазақстанның маңдайына біткен өшпейтін жарық жұлдызы.Әлі талай байрақты көкке желбіретіп, жеңістің талай таңы атарына сеніміміз мол.
Бірегей, өте сирек кездесетін дауыс иесі, бүкіл әлем баға беріп жатқан, табиғи дауысты, ешкіммен салыстыруға келмейтін, көш басындағы әншіміз Димаш Құдайбергенов арқылы Әлем Қазақстанды танып ән өнерінің жоғары деңгейде екенін мойындап жатыр.
Болашақ чемпион Виктор Дмитриев секілі керемет бапкеріне 9 жасында жолыққан.Оның боксшы болуына туып өскен жері Майқұдықтың өз ықпалы бар. Геннадийдің бір құрсақтан туған сыңары-Максиммен спортқа бірге барған.Геннадийдің боксты таңдаған себебі, ағалары да спортқа жақын болғандықтан, әлемге әйгілі талай былғары шеберлерін дайындап шығарған Қарағандының бокс мектебіне кіріп, ең танымал спорт түрін таңдаған.
Димаштың өнер жолын таңдауына ата-әжесі себепкер болған. Күйші атасы мен әнші әжесі алғаш домбырада ойнауды үйретіп 5 жасында музыка мектебіне ертіп апарған.10 жасында басқа балалар секілді жай музыка тыңдамай, классиканы жастана тыңдап ешкім орынай алмайтын музыкаларды айтқысы келетін.
Сіздер білесіздер ме?
Кәсіпқой бокста жеңілмей келе жатқан Геннадий бала кезіндегі ең алғашқы жекпе-жегінде ұтылып қалған екен.Осыдан кейін дайындықты үдете бастаған.
Димаш 16 жасында «Жас қанат» байқауына қатысуға өтініш білдірген.Жасының жетпеуіне байланысты ұйымдастырушылар қабылдамай қойған.Ұзақ дайындық жасап келесі жылы тағы да байқап көрген. Өнерге келуіне де себепші, осы конкурста жеңіп шыққандығының арқасы.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға!,-деп Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай армандарымыздың орындалуы үшін еңбектене білуіміз қажет екен! Өйткені, адамға 1 пайыз талант берілсе, қалған 99 пайызы еңбекпен келетіні сөзсіз.