Жемқорлыққа жол жоқ (Стендап)
блог
Жемқорлық – індет
Аластау – міндет
М.Әлімбаев
Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет секілді. Баяулап, қадамын ақырын басып, анықтыққа жетелейін деді де. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз – қоғам. "Қоғам – өмірдің айнасы" дейміз ғой. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, тегіс қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою міндет бізге. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды. Сенің өміріңді құрдымға жіберер кесапат. Қоғамдағы болып жатқан әр түрлі көрініс болсын, соның бір картинасы жемқорлық деп елестетуге болады. Тіпті, оның өзі үлкен бір сала болып алғандай. Сала дейміз-ау!
Ішінара тармақтарға да бөлініп кеткен. Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласындағы жемқорлық тағысын-тағы. Тізбектеп айта берудің де қажеті шамалы. Оқушы көзімізбен көрмедік. "Ел құлағы елу" болғасын естіп те жүрміз. Ақпарат тасқынында судай бұрқырап аққан бұл кесапатқа жоламауды, оны жолатпауды көздейік. Әлеуметтік желідегі бір постты көз шалып қалды. 2000 жылы Қытай мемлекетінде 10 мың шенеунікті өлім жазасына кесіпті. Бақандай 10 мың адам. Босқа жан кеткен жоқ, бекерден бас кесілген жоқ. Құқық бұзу. Оның ішінде аталмыш жемқорлыққа да қатысы бар. Мінеки, басқаларға осы үлгі болуы қажет секілді. Кінәлі адамдардың қылмысын әшкере ету де жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Бұл шағым сіздің жемқорлықпен күресуіңіздің куәгеріндей. Әрі сіздің азаматтық тұлғалық міндетіңіз. Заңда көрсетілген жемқорлық жайлы фактілерді оқи отырып, түбегейлі танысып көргеніміз артық болмаса, кемдік емес.
Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азаамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Әрі ол кісінің басты парызы. Ауқымы жылдан-жылға ұлғайып, қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосуымыз, тосқауыл болуымыз зор міндеттердің бірі. Біздің мемлекетіміздің кемістігі осы қоғамды шарпып жатқан кеселдер болса керек. Өкінішке орай, есімі аталатын бұл кеселдің белең алуы кәдуілгі мемлекеттегі ішкі бүлік секілді көрінетіндей.
Қазіргі таңдағы қарастырылатын, қарастырылуы керек, қарастырылар үлкен жүйелі мәселеге айналып отырған дауасыз дерт. Сондықтан біртұтас қоғам ретінде біз де жүйелі жауап қатуымыз құба-құп. Айтылып жатқан бұл кеселден қашық болуымыз шарт. Елдің, халықтың күйреуіне әкелетін, мемлекет беделіне дақты түсіретін осы кеселді жою үшін бес-алты ай жеткіліксіз. Оған көп уақыт талап етіледі. Түп қазығын балтамен шауып тастайтындай әрекет жасауымыз да қағида. Жемқорлық ішінара дамуды тежейтін теория. Түбі жоқ терең шыңырау десек те болады. Жемқорлықтың көріністерін атап айтар болсақ, қоғамдағы пара алу не ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану проблемалары. Мұндай жағдайларды бей-жай қалдырмау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді. "Бастаушы болса қостаушы бар". Бұрыннан ізашары ашып берген бұл бастамамен күресудің ізбасары болып үлес қосайық. "Ұры – қарының серігі" дегендей, "Жемқорлық – сыбайластың серігі". Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз құба-құп. Сондықтан қоғамның басты ескеретіні ұсыныс жасаушылық тарапы болса, бас тарту ісін құптауы тиіс.
Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле- кесапаттан сақтанып, бас емес, жаман дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен қадам басайық. Сонда ғана әлем алдында мемлекет беделі, абыройы алтынмен әспеттелетіндей.
P.S.: Қателіктерім болса айып етпессіздер. Кем-кетігі болса айтсаңыздар алғысым шексіз. Үйренуге тырысамыз. Өзім жазған мақала аясында. Әрі түсірілім десе де болады. Камераның мысы ауыр деген осы ғой. Көпшілік қарап тұрмаса да, не бір адам қарап тұрса да, адамнан емес камерадан ұялады екенсің...