Жасанды жолмен инкубатордан балапан шығарды

Жанұя Жарас - Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы. Ғылым жолындағы бастамалары да сәтті басталып келеді. Бүгінде ол органикалық жасушаларды жасанды жолмен көбейту тақырыбында инкубатордан балапан шығарғанын естіп мектептегі зертханасына келдік.

Біз келген сәтте Жанұя жетекшісімен бірге жоба жұмысын талқылау үстінде екен.

«Біздің ғылыми жұмысымыздың тақырыбы жасушаларды жасанды жолмен көбейту. Алдымен біз 30 тауық жұмыртқасын тәжірибеден өткіздік. Кейін 7-8 күн инкубаторға салдық. Жетінші тәулікте бір жұмыртқаны алып, зертханада биотехникалық тәжірибеде жасап көруге тырыстық. Жасуша ыдырап бөліне бастады. Қалған бөлігі инкубаторда қалды. Шамамен үш аптада алғашқы балапандар пайда бола бастады. Балапандарды уақытша құс фабрикасына бердік. Болашақта мектебімізде осындай балапандарға арнап орын дайындасақ дейміз».

Оқушы жобасын әрі қарай дамытып, республикалық, халықаралық деңгейде қорғамақшы. Сәттілік телейміз!



Бөлісу: