Жас тілшілер форумы 2017
блог
Бәрімізге белгілі 11-12 сәуір " Жас тілшілер форумы" өтті. Сол форумда көптеген достармен танысып жақсы ортаға түскеніме қуаныштымын. Бара салып-ақ жатақ үйді таппай жүргенімде Көкшеден келген Назым алдымнан қарсы алып жол сілтеп, әңгімелерімен бөлісті. Кешірек дәлізде кетіп бара жатып Ақмарал. К. мен Мадина. О. кезіктіріп танысып білістік одан соң үшеуіміз 128 бөлмеде жатқан Мадиярға барып әңгімеге тарттық. Кешкісін Равиль,Алмабектер келіп басымызды біріктіріп бір жерге шоғырландырып одан әрі таныс-білістігімізді артырды. Солай түн ортасына жеткенде бөлмелерімізге тарап кеттік. Келесі күні таңғы 6-7 лерде тұрып жуынып бір нәрседен құр қалатын адамдай сапырылысып тұрдық. Таңымен үтік іздеген Рысгүл,Назым,Алмабек т.б. ізденімпаз пысық ұл-қыздар екенін дәлелді. ҚазҰУ-дың химия факултетінің үлкен мәжіліс залына жиналып марапат қағаздарымыз бен байұауға ұсынған мақалаларымыз жарық көрген кітабымызды сыйға алып қуанып қалдық. Үлкен аға-әпкелеріміздің айтқан ақылын тыңдап, ҚазҰУ-дың ішін аралауға асықты. Радио журналистика, теле журналистика бөлімдерінде болып болашақта біздерге ұстаздық ететін ағай-апайлармен танысып ол кісілер ұсынған кітапты оқып болашақ журналист ретінде дайын болып кетінімізге сенімммен тілектерін білдірді. Форум барысында Ерболат,Аяттармеен танысып жақсы дос борлып кеттік. Ертесіне сүйікті газетіміз "Ұланның" редакциясында болып ондағы тілші апай-ағайлармен танысып тіптім біздің мақалаларымызды теруші апайларды көріп қуанып қалдық. Онда қол өнерші қурашақ тоқушы Анар апаймен жүздесіп өнеріне тәнті болдым.Одан соң журналист Асхат Еркінбай ағамыз сабақ өтіп, керемет интернеттің сырларын ашты. Сабақ қатты ұнады. Айтпақшы Ұланнан алған сыйлығымыз ең күшті сый болды. ФБ , Вк желіде отырғанда Аслан Тілеген ағаға кітабым шықыты дегелі "маған біреу алып қалыңыз" деп айтушы едім.Енді міне құнды кітап "Үр/ Сая" қолымыда. Жәнеде арнайы берген кітаптар мен кітап қорым көбейіп қалды. Аслан ағаныі кітабын оқығанша асығып Алматыдан қайтарда автобусқа ерте отырып кітапты бітіріуге шақ қылып оқып тастадым. Ағам екеуімз кезектесіп оқып алып, бір-бірімізге керемет жазыпты - иә! деп таласа оқый жөнелдік. Автобус іші қараңғы болса, көше шамдарының жанынан өткен сайын қайта қарап оқымай қоюға қимадым. Келерде тек киер киімізбен келген біздердің сөмкеміз құнды кітаптарға толап қуанып қуанып қайттық! Айтпақшы форумды ұйымдастырушыларға да алғысым шексіз!