Жапон асханасын әлемге әйгілі еткен "Сушиді" әзірлеуді мен де үйрендім! (байқау)
блог
Сәлем МАССАГЕТТіКТЕР!!! Міне, сайыстын үшінші аптасы да артта қалды.Өткен аптаның қорытындысын көргенде қалай қуанғанымды сіздерге айтып жеткізе алмаймын: ). Рейтингтің ең басында бірінші боп тұрғанымды көргенімде қуанышым қойныма сыймады,одан сайын жігерлене түскенімді байқадым. Жәрәйді, бұл бөлек әңгіме.
Өткен аптада сіздерге "Суши" жасайтыным жайлы айтқан болатынмын.Мақсатым орындалды, нәтижем керемет десемде болады!Енді соны сіздермен бөлісейін:
Құрамы:
- Сушиге арналған күріш(мен жәй күрішті қолдандым)-1кесе
- Нори жапырағы-3дана
- Қияр-2дана
- Шаян таяқшалары - қалауыңызша
Алдымен күрішімізді суға пісіріп аламыз.Кейін 5-10мин суығанын күтеміз.Суығаннан кейін кішкене тұз себуіңізге болады.
Одан кейін қияр мен шаян таяқшаларын ұзынша етіп тураймыз.Ортасына салатын заттарымыз дайын.Енді нориді аламыз,оны жазып қойып үстінен 2см қалдырып, күрішті жаямыз.Астынғы жағынан 1,5-2см күрішті немесе шаян таяқшаларын қоямыз (мен үш түрлі етіп жасадым,қиярмен,шаян таяқшаларымен және қияр мен шаян таяқшаларын бірге қосып)
Енді соңғы қадам.Оны орап,2-3см етіп бөліктерге бөлеміз(орағанда астына бір нәрсе қоюды ұмытпаңыздар, әйтпесе жапырақ жыртылып кетеді,мен фольга қойдым)
Сушиіміз дайын. Сондай-ақ қасына зімбір мен тұздық қоюға болады.
Қияр қосылған "Суши"
Шаян таяқшалары қосылған "Суши"
Қияр мен шаян таяқшалары қосылған "Суши"
Астарыңыз дәмді болсын!!!
P.S. Өткен блогымда осы сайттын пайдаланушысы сушиді жаңа ауланған балықпен жемесе зиян екені жайлы ескертіп,пікір қалдырған болатын.Мен ол жайлы да интернет беттерінен қарап көрдім.Сушидің балықсыз дайындалатын түрлері де бар екен немесе шаян таяқшалары секілді теңіз өнімдерін де қосуға да болады екен.Егер де ол түрлері зиян болса,жапондықтар мұны біле тұра пайдаланбас еді деген ойдамын.