Достар, біз осы байқауда барлығымыз алдымызға мызғымас мақсат қойдық. Әрбір адам өмірде арман-мақсатына жетіп, биік-белестерден көрініп, барлық жағынан үздік болғысы келеді. Сол секілді байқауға қатысушылардың барлығы жеңіске жеткісі келетіні анық. Алайда арманға жетер жол қашанда қиын әрі күрделі. Барлық қатысушыларға айтарым: байқауда жеңіске жету емес, бастысы – мақсатқа жету. Жарты жолда қалып қоймай, соңына дейін бару. Сәттілік, достар.
Менің алға қойған мақсаттарым:
1. Төте жазу. Жаза білу ешқашан да артықтық етпейді.
2. Ағылшын тілі. Қазір ағылшын тілін білу барлық адамға міндетті болып кетті. Болашақта да солай болмақ. Сонымен қатар ағылшын тілін білу арқылы әлемнің кез-келген жерінде сөздіктің де, тілмаштың да көмегіне жүгінбей, еркін саяхаттауға болады.
3. Тарих. Бұл – менің ең сүйікті пәнім. Мен тарихи кинолар көріп, мұражайға барып, таным-талғамымды ұлғайтуды ұнатамын. Осы жылы тарих пәнінен білімімді пысықтап, келесі жылғы емтиханға дайындалғым келеді. Болашақтағы мамандығым да осы пәнмен байланысты.
4. Әдебиет. Менің еш жерде өлеңім немесе шығармам жарияланбаған. Білмеймін,қорқыныш па, әлде сенімнің жоқтығынан ба – әдебиетке жасқана қараймын. Сол себепті биыл осы пәнді толығымен меңгергім келеді. Осы мақсатпен «Кемеңгер» тобына тіркелдім.
Мен – Әсел Асанова әпкеміздің жетекшілігімен құрылған «Кемеңгер» тобының мүшесімін. Осы топпен бірге жеңіске жеткім келеді.